Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кәсіптің тоқтамай өмір сүруіне көмектеседі": Айналым капиталы деген не және оның маңызы неде?

Кәсібіңіз пайда тауып отыр, бірақ оған қайта салатын ақшаңыз жоқ. Мұндай кәсіптің айналым капиталында проблема болуы мүмкін. Бұл материалда Stan.kz агенттігі айналым капиталын қалай дұрыс басқару керек екенін тарқатып жазады.

Иллюстрация: Stan.kz

Айналым капиталы деген не? 

Экономист Қуанышбек Дүйсеновтың айтуынша, айналым капиталы -  бұл кәсіптің тоқтап қалмай, күнделікті жұмыс істеуіне көмектесетін кез келген ақша мен ақшаға айналатын активтер. Бұл қаражат жалпы табыс немесе арнайы ауқымды шығыннан тыс қарастырылады. Мысалы, кәсіпкердің киім сататын дүкені бар. Ол тауарды фирмадан 500 000 теңгеге сатып алып, бірақ тауар құнының жартысын ғана төледі. Қалғанын кейін өтейтінін айтты. Кейін ол тауарды дүкенінде сатып, 800 000 теңге тапты. Бұл сомадан әлгі қарызын төлейді. Сөйтіп қолында 550 000 теңге қалады. Осы қалған сома –  айналым капиталы. Бұл ақша дүкен саудасын жүргізуге қажет жаңа тауарды алуға, қызметкерлердің жалақасын, жалға алған жердің ақысын және коммуналдық шығынды төлеуге қажет. Бір сөзбен айтқанда, айналым капиталы – кәсіптің өмір сүруі үшін керек дүние.

Айналым капиталына не жатады? 

Айналым капиталы ретінде бірнеше затты қарастыруға болады: 

Ақша. Қолма-қол ақша да, банк шотында сақталған ақша да, күнделікті қызметтен немесе өндірістен түсетін қаражат та айналым капиталы бола алады.

Қорлар. Кәсіпкерде бар материалдар мен тауарлар. Cіздің кофеханаңыз бар делік. Жазғы уақытта кофеге сұраныс азаяды, ал қоймаңызда жарты жылға жететін кофе дәндері тұр. Сізге қазір кофе емес, лимонад сату керек. Осы кофе дәндері айналым капиталы бола алады. Кофе дәндерін басқа кофеханаларға нарықтағы бағада немесе сәл арзан етіп сатып, қолға түскен ақшаға лимонадқа қажет қоспаларды сатып алуға болады. 

Дебиторлық берешек немесе клиенттердің кәсіпкер алдындағы борыштары. Мысалы, сіз мал шаруашылығымен айналысасыз. Сізден тұрақты ет алып тұратын кәуапхана кейінгі екі қойдың ақшасын әлі бермеді. Ал малшыға қойларына екпе салу үшін қосымша қаражат керек. Ол кәуапханаға хабарласып, дереу қарызын төлеуін сұрайды. Сол уақытта қайтқан қарыз айналым капиталы бола алады. 

Алдын ала төлемдер мен аванстар. Елестетіңіз, дүкеніңіздегі сатушы айдың ортасында жұмыстан шығатынын айтты. Сізге оның жұмыс істеген күндері үшін шұғыл жалақысын төлеу керек. Айдың соңында есептеп беретін қаражатты қазір табу керек. Дәл осы кезде сіз басқа компаниямен жұмыс істеп, ол алдын ала төлем жасаған болуы мүмкін. Міне, осы алдын ала берілген ақша айналым капиталы бола алады. 

Айналым капиталының қандай түрлері бар?

Меншікті капитал. Бұл компания өзінің күнделікті қызметі үшін қолданатын және тек өзіне тиесілі қаражат. Мұндайда кәсіпкер банктерден немесе басқа несие берушілерден қарызға алынған ақшаны немесе басқа қаражат міндеттемелерін есепке қоспайды. Мәселен, компанияның 500 000 теңгесі бар және 300 000 теңгеге несие алған. Меншікті айналым капиталы –  қарыз қаражатын қоспағанда, компанияға тиесілі 500 000 теңге. 

Таза айналым капиталы. Бұл айналым компанияның қысқа мерзімді қарыздарын төлегеннен кейін қалған ақшасы немесе активтері. Кәсіпкер тауар сатып 1 000 000 теңге тапты делік. Бірақ ол тауарды жеткізгендерге 600 000 теңге қарыз. Осы соманы табыстан азайтамыз. Сонда кәсіпкердің таза айналым капиталы – 400 000 теңге.

Айналым капиталы не үшін қажет және оның дұрыс басқарылмағанын қалай білуге болады?

Айналым капиталы адамның кәсібінің тоқтамай жұмыс істеуіне көмектеседі. Айналым капиталы компания шығындарын төлеуге, кеңсе жалдауға, қызметкерлердің жалақысын, коммуналдық қызметтерді төлеуге, тауар сатып алуға, дебиторлық және несиелік берешекті басқаруға, жедел әрекет етуге және тағы басқасына мүмкіндік береді. Айналым капиталы болмаса, компания өз міндетін орындауға қиналуы мүмкін. 

Айналым капиталы дұрыс басқарылмағанда кәсіпкер қолма-қол ақшасының жетпей жатқанын, шығындарды өтеу қиындап кеткенін сезеді. Оған қоса қарызға алатын тұтынушылары көбейіп кетсе, кәсіпкердің жұмысы баяулайды және айналым капиталы нашарлайды. Сонымен қатар кәсіпкердің қоймасындағы тауарлар мен материалдар сатылмай, қалып қалса не ескірсе, олардың саны көбейіп кетсе, айналым капиталы дұрыс басқарылмай жатыр деген сөз. 

Айналым капиталы дұрыс басқарылмағаны салдарынан кәсіп үлкен зардап шегуі мүмкін. Кәсіпкердің шығындары көбеюі мүмкін. Оған қоса ол өз міндеттемелерін уақыты әрі толық өтей алмауы мүмкін. Бұл кәсіп ісін баяулатады және кәсіпкер айыппұл алуы ықтимал. Несие тарихы нашарлап, банктар несие беруден бас тартуы мүмкін. Кәсіпкер серіктестері мен тұтынушыларының алдында беделінен айырылып, олардың сенімін жоғалтуы мүмкін. 

Айналым капиталын дұрыс басқару үшін не істеу керек?

Адам айналым капиталын дұрыс басқаруы үшін бірнеше қарапайым қадамдарды жасауы қажет:


1.    Қаржыңызды үнемі тексеріп отырыңыз: сізде қанша ақша және басқа активтер бар екенін және қанша қарыз екеніңізді бағалаңыз. Бұл сізде қанша қаражат болуы керек екенін түсінуге көмектеседі.
2.    Бюджетті жоспарлаңыз: қанша ақша күтетініңізді және қанша жұмсайтыныңызды көрсететін егжей-тегжейлі жоспар құрыңыз. Бұл шығындар мен кірістерді бақылауға көмектеседі.
3.    Клиенттердің төлемдерін, яғни борыштарын бағалау керек. Олар төлемді кешіктірсе, олардан ақшаны мүмкіндігінше тез алу үшін жұмыс істеңіз.
4.    Түгендеуді оңтайландырыңыз, яғни ақшаны бір орында ұстап қалмас үшін қоймада тым көп заттарды сақтамаңыз. Тек ең қажет қорларды ғана сақтаңыз.
5.    Шығындарды бақылау керек. Қай жерде үнемдеуге болатынын түсіну үшін шығындарыңызды үнемі тексеріп отырыңыз.
6.    Қаржы құралдарын пайдаланыңыз: сізге ақша жетпесе, қажет қаражатты алу үшін қысқа мерзімді несиелерді немесе дебиторлық берешекті сатуды пайдаланыңыз.

Осы тұста ЦентрКредит Банкінің айналым капиталын басқарғанда пайдалы болуы мүмкін бірнеше өнімін ұсынамыз: 

Овердрафт компанияның айналым капиталына қажеттілігін қанағаттандыру үшін берілетін қысқа мерзімді қаржыландырудың түрі. Бұл  қарыз кәсіпкерге қызметкерлерінің жалақысын төлеу, салық, тауар, қызмет ақысын төлеу үшін, шұғыл төлемдер өтеу үшін беріледі. ЦентрКредит Банкінен адам овердрафтты кепілсіз ала алады. Оны алу үшін де көп құжат керек емес. Адам овердрафты мерзімінен бұрын өтеуіне болады. Ешқандай айыппұл салынбайды. Банк жаңа клиенттеріне 36 айға дейін орташа айлық табысының 40%-ына дейін несие лимитін алуға мүмкіндік береді. 

Шот бойынша несиелік лимит – банк немесе қаржы институты клиентке немесе компанияға негізгі шотта немесе карта шотында пайдалануға рұқсат беретін ақшаның максималды сомасы. Шотыңызда 100 000 теңге несие лимиті болса, бірақ онда жеткілікті қаражат болмаса да бұл ақшаны пайдалана аласыз.

ЦентрКредит Банкінің шотындағы несиелік лимит компанияларға маңызды артықшылықтар береді. Біріншіден, компаниялар 250 000 000 теңгеге дейінгі қаражат ала алады. Бұл оларға үлкен қаржылық қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік береді. Өтінім небәрі 20 минутта қаралады. Шот бойынша несиелік лимит алғаныңыз үшін ешқандай комиссия төлемейсіз. Клиенттер BCC Business қолданбасы арқылы ай сайын лимиттерін арттырып, қаражатты тәулік бойы басқара алады. 

Факторинг – бұл кәсіпкердің сатқан тауары немесе қызметі үшін клиенттен төлемді күтпей-ақ, ақшаны тезірек алуға көмектесетін қаржы құралы. Мәселен, кәсіпкер бір адамға он орындық сатты делік. Бірақ орындықты сатып алған адам ақысын 20 немесе 30 күннен соң төлегісі келетінін айтады. Сөйтіп кәсіпкер шот-фактура жасап, факторинг компаниясына не банкқа береді. Банк орындық сатып алған адамның беруі керек ақшасының бір бөлігін кәсіпкерге бірден береді. Сөйтіп банк өзі орындық сатып алған адамның тауардың ақысын төлегенін күтеді. Сатып алған адам ақшасын толық өтегенде, банк өзінің пайызын алып қалады да, қалғанын кәсіпкерге жібереді. 

ЦентрКредит Банкінің факторингі бизнес үшін айтарлықтай жеңілдіктер ұсынады. Біріншіден, ол айналым капиталын транзакция құнының 90% дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл компанияның қаржылық тұрақтылығын жақсартуға көмектеседі. Мұны ешқандай кепілсіз, онлайн жасауға болады. Осылай, кәсіпкер уақытын үнемдейді. Клиенттер факторингті теңге, АҚШ доллары, еуро сияқты әртүрлі валютада пайдалана алады. Банктың шарттары да ыңғайлы: банк 36 айға дейін қаржыландыра алады және берешекті 180 күн ішінде төлеуіне болады. 

 

Талқылау