Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін өсіру ұсынылды

Фото: freepik.com
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеру ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының қорытындысында Мәжіліс депутаттары ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қарауды ұсынды.
"Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген жаңа әдістеме негізінде, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақы мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін арттыру қажет деп есептейді", – делінген құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа тәсілмен есептелетінін жазған болатынбыз.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн