Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын әкелік міндетіне күмән келтіргендерге жауап берді

Балалары есейіп қалса да, Айқын олардың бет-жүзін осы уақытқа дейін көрсеткен емес. Тіпті, аңдаусызда әнші өзінің ұлымен түскен суретін жариялап жіберген әріптестері мен БАҚ өкілдеріне ренішін білдірген. Алайда екінші рет отбасын құрғалы өнер иесінің бұған қатысты пікірі өзгерген ұқсайды.

Айқын әкелік міндетіне күмән келтіргендерге жауап берді
Әнші соңғы кездері үш бірдей баласын жиі көрсетіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “НТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші әкелік парызына күмәнмен қарайтындарға сурет-видео арқылы жауап бергісі келеді екен.

“Елдер мені «жаман әке» деп есептейді. Бүйтті-сүйтті дейді. Ондай емеспін. Бала-шағам бәрі қасымда. Күніге қасымда. Сондықтан соны көрсеткім келеді. Мен де жақсы әке екенімді көрсеткім келеді. Мен де өзімнің әкелік борышымды атқарып жатырмын. Ешкімнен кем емеспін, артық емеспін деп көрсеткім келеді”, – дейді Айқын.

“Себебі Айқын өте керемет әке. Өте қамқор әке. Ол балаларының өмірінде үлкен маңызды орын алады. Балалары да оның өмірінде үлкен маңызды орын алады. Сол себепті ол балаларын ешқашан ұмытқан емес”, – дейді Айқынның заңды жары Жұлдыз Өмірғали.

Жұлдыз көпшіліктің Айқын туралы теріс пікірде болғанын қаламайды. Себебі отағасы оған лайықты емес дейді. Екінші рет отау құрғанымен, Айқын үш баласына бірдей көңіл бөледі екен. Тіпті, екі анадан туған балаларын өзара таныстырып, бүгінде олардың етене араласуына қам жасайтын көрінеді.

“Жақсы қабылдады. Үлкен ағасы болып, інім деп. Маған ұқсайды деп, жақсы қабақ көрсетіп қабылдадый, – дейді Жұлдыз.

Жас ана бауырлардың арасын ажыратқысы келмейді. Керісінше олардың жиі жүздесіп тұрғанын қалайды.

“Менің өзімнің отбасымда әкем ерте о дүниелік болғаннан кейін, менің анам екінші рет тұрмысқа шықты. Ол отбасынан кішкентай сіңілім бар. Мен ол сіңілімді жақсы көремін”, – дейді Жұлдыз.

Айқын бүгінде Жұлдызбен бірге тұрады, алайда қолы қалт еткен сайын алғашқы отбасына да бас сұғады.
“Біреуін салғаннан кейін екіншісін салмаса болмайды ғой. Үлкендерімді салғаннан кейін, кішімді салмасам болмайды ғой. Тең ұстау керек қой бәрін”, – дейді Төлепберген.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау