Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот шешімімен келіспеген айыпталушы судьяға жұдырық ала жүгірді (видео)

Америкада айыпталушы сот үкімімен келіспей, судьяға жұдырықпен ұрды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Айыпталушы бұған дейін зорлық-зомбылық істері бойынша жауапқа тартылса да, бұл жолы сынақ мерзімімен ғана құтылып кетемін деп ойлаған.

Бірақ Лас-Вегас сотының судьясы Деобр Делоне Реддан бұрын істі болғаны үшін жаңа үкім шығарады. 

Судья Мэри Кэй Холтус айыпталушының сынақ мерзіміне берген өтінішінен бас тартып, кепілге босатылғанын айтқан. Артынша ол сотты балағат сөздермен айыптап, өзі отырған үстелден секіріп, судьяны бас салған.

Сот қызметкерлері мен адвокаттар ер адамды ұстауға тырысқанымен, жәбірленушіге бірнеше соққы тиіп үлгерді. Айта кетерлігі, судья жеңіл жарақат алған. 

Алайда сотталушыға жаңа іс қозғалып, оны ұрып-соғу, тонау, шабуыл жасау және мүлікке зиян келтіргені үшін жауапқа тартылды.

 

Талқылау