Әйгілі Бермуд үштағанында ұшақ жоғалып кетті
Пуэрто-Рикодан Флоридаға бет алған кішігірім MU-2B ұшағы радардан жоғалып кетті.
Ұшақ бортында 4 жолаушы – 2 ересек адам және 2 бала болған. The Sun басылымының хабарлауынша, ұшақ штурвалында Skylight Group компаниясының бас директоры Дженнифер Блумин (Jennifer Blumin), одан бөлек оның 10 және 4 жасар балалары мен отбасылық досы Натан Ульрих (Nathan Ulrich) болған.
Әуе көлігі Пуэрто-Рикодан дүйсенбі күні сағат 11:00-де ұшып шыққан, ал шамамен 14:00-де (21:00 мск) ол ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Ол кезде ұшақ Багам аралдарынан 60 шақырым қашықтықта болатын. Жоғалып кеткен кезде әуе көлігі жерден 7 мың метр биіктікте және сағатына 555 шақырым жылдамдықпен ұшып келе жатқан.
ABC7NY-ның хабарлауынша, ұшақ қалдықтары Эльютер аралынан шығысқа қарай 24 шақырым жерден табылған. Бұл аймақ Багам аралдарының құрамына кіреді. АҚШ-тың жағалау күзеті іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Шыңдары Пуэрто-Рико мен Бермуд аралдарында және Флоридада орналасқан Бермуд үштағанында әуе және теңіз көліктері жиі жоғалады.
Жіберіп алмаңыз:
Әйелі өзінің күйеуі мен оның көңілдесін көлігімен соқты
Көпқабатты үйде газ жарылып, бір бөлігі опырылып құлады (видео)
Қазақстандық студент қытайлықтар үшін 5 литр қан тапсырды
Араб Әмірлігі бизнесмені елімізге деген құрметпен қазақстандықтардың 50 мың доллар қарызын кешірді