Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелі мен анасы қайтыс болғанда қарқылдап күле берген ер кісі қолдау мен түсіністікке зәру (видео)

Шашыраңқы склероз деп аталатын психикалық ауытқуының кесірінен Скотт Лотан жиі ыңғайсыз жағдайға қалады. Адамдарды қорқыттыңыз деумен оны қоғамдық жерлерден қуып шығады, кейде ұрып кетеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Скотт адамдармен танысуға қорқып қалған. Себебі, жұрт оның табан астынан басталып кететін күлкісін дұрыс түсінбейді. Әдейі күліп, мазақтап жатыр деп ойлайды екен. Кей кездері мұндай ұстаманың салдары төбелеске алып келеді.

Скотт Лотанның өміріндегі ең қайғылы жағдай 2003 жылы орын алды. Скотт жанұясымен бірге әйелі екеуінің некелесуіне орай жасалған кештен үйге қайтып келе жатқан. Көлікті жүргізе алмаған мас жүргізуші аялдамада тұрған Скотты, әйелін және оның анасын қағып кетті. Қалыңдық оқиға орнында, ал анасы ЖКО-дан үш күн өткеннен кейін қайтыс болды. 

Тергеу кезінде Скотт қайғырып жылаудың орнына өз-өзін ұстай алмай, қарқылдап күле берген екен. 

"Өзіме берік болуға тырысамын. Бірақ айналамдағы адамдардың алдында өзімді ұстау, есуас болып көрінбеу қиын", — дейді Скотт.  
 

Талқылау