Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл себептер әйеліңіздің көзіңізге шөп салуына алып келуі мүмкін

Көзге шөп салу ақтап алуға тұрарлық әрекет болмағанымен, оның да өз себебі бар. Жұбайлар арасында дұрыс  қарым-қатынас орнатып, махаббат отын сөндірмес үшін екі тарап та біраз тер төгу қажет: мәселелерді, олардың шешімін біріге отырып талқылау, кез-келген тақырыпта сөйлесуге ашық болу. Егер қандай да бір себепті мәселенің түйіні шешілмей, өмірлік серігінің тарапынан қалағанына қол жеткізе алмаса, әйелдер қиындықтан шығар жолды өзге адамнан іздей бастайды.

Женская-измена

Әдетте жұбайлар арасында ұрыс-керіс орын алып, әйел адам өзінің маңыздылығы мен тартымдылығын өзіне де, өзгеге де дәлелдегісі келгенде опасыздыққа барады. Бұл әрекетке сүйген адамының ренжітіп, көңіліне сызат түсіргені үшін өш алмақ ниет итермелейді. Оған қоса зерігіп, істерге іс таппаған әйелдер де күйеуінің көзіне шөп салатын көрінеді: осылайша көңіл көтерудің жолын іздестіреді.

Жыныстық қатынастың жеткіліксіздігі

Әдетте интимді мәселелер жұбайлар арасында ашық талқылана бермейді. Сондықтан жыныстық қатынастағы қиындықтар жұбайлардың бірінің көзіне шөп салуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Егер ерлі-зайыптылар  арасында жыныстық қатынас болмаса немесе екеуінің бірі жыныстық қатынасқа құлықсыз болса, құмар шөлін басып, махаббат ләззатына қануды аңсаған жұбайлардың бірі төсек қатынасында белсенді серіктес іздеуге көшеді.

Түсіністік жетіспеуі

Жұбайлар арасындағы қарым-қатынаста түсіністік пен рухани жақындықтың маңызы зор. Күйеуі ішкі сырын түсініп, тиісінше көңіл бөлмеген әйелдердің өзін тыңдап, қолдай алатын еректерге аңсары ауады.

Өзін қорғансыз сезіну

Егер қарым-қатынаста күйеуі сүйіктісіне қорған бола алмаса, әйел адамға жанын жегідей жеген мәселелерді шешуге қауқарлы, күшті, табысты азаматтар тартымды көріне бастайды.

Бірсарынды өмірге қанағаттанбау

Егер отбасылық өмірде қызығушылықтары мен мақсаттарына сүйіктісі қолдау танытып, ынталандыруға тырыспаса, яки өзі белсенді әрі әр күні қызыққа толы өмір кешкенді, ал күйеуі бар уақытын үйде өткізгенді ұнатса, бұл әйел адамның тағы да өзге еркектерге көз тастауына сеп болады.

Жұбайлар арасында опасыздық орын алмас үшін ұдайы бір-бірімен ашық әрі шынайы сөйлесіп, отбасылық өмірдегі қиындықтарды бірге шешуге талпынып, өзгеруге тырысқандары жөн. Араларыңыздағы қарым-қатынастан салқындық лебі ескенін байқасаңыз, дереу сүйіктіңізді құшағыңызға алып, іштегі сырды тарқатыңыз. Себебі, түсініспеушілік пен ұсақ-түйек мәселелер сүйгендердің шаңырағын ортасына түсірмеуі тиіс.

Талқылау