Әйелдер күресінен Францияда өткен Гран-при жарысында Қазақстан құрамасы қос алтын медаль жеңіп алды
Ницца қаласында өткен Гран-при жарысында әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы қос алтын медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Гүлдана Бекеш 59 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Финалдық бәсекеде отандасымыз Польша өкілі Джулия Новицканы жеңіп, алтын медаль жеңіп алды. Бұл салмақта қола жүлде Германия спортшысы Луна Ротенбергерге бұйырды.
Эльмира Сыздықова 79 келі салмақта өнер көрсетті. Финалда ол тағы бір Польша өкілі Патрисия Куберді ұтып, Гран-при жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, бұл бәсеке спортшылар үшін жылдың алғашқы жарысы болды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

