Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелдер еркектен ақылды болмауы керек": Нәзік жандыларға "өтірік жынды" болуға кеңес берген танымал психолог сынға қалды

Еуразия бірінші арнасының "Basty Prime" бағдарламасының тікелей эфирінде әйелдер күйеуінен ақылды болып көрінбеуі керек деп айтқан психолог Құралай Ошақбаева жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құралай

Танымал әйелдер психологы орыс жазушысы Александр Грибоедовтың  "Горе от ума" атты шығармасын мысалға келтіре отырып, қыздарға "өтірік жынды" болуға кеңес берді.

"Ер азаматтар көбіне ақылы өзінен төмендеу қыздарды жақсы көреді. Олар психологиялық тұрғыдан мықты қыздардан қорқады. Ерлер біреуге қамқор болғылары келеді. Бұл сонау ерте заманнан қалыптасқан. Мен университетте сабақ бергенмін. Сонда бір байқағаным ғылымда жүріп, кандидаттықты қорғаған, жоғары білімі бар қыздардың көбі тұрмысқа шықпаған. Сол себепті бағдарламаны көріп отырған қыздарға "ақылды жынды" болыңыздар деп айтатын едім", - деді психолог. 

Бұған қоса ол күйеуіне өзің ақымақ қылып көрсететінін атап өтті. 

Мұны естіген бағдарламаның тағы бір қонағы психолог Ержан Мырзабаев оның бұл айтқанын сынға алды. 

"Мен сіздің бұл айтқаңызды естіп, құлағыма сенбей отырмын. Сіз сондай күйеуіңізді алдайтын болып тұрсыз ғой. Бір сағат бойы білімді болыңыздар, нумерологтар мен бақсыға сенбеңіздер деп алып, енді қыздарға жынды болыңыздар деп тұрсыз. Сіз күйеуіңізді ғана, емес халықты да алдап отырсыз", - деді Ержан Мырзабаев. 

Бұған қоса Ержан Мырзабаев ерлердің керісінше, өзіне ақылды, көзі ашық жар іздейтінін ашық айтты. Айтуынша, егер әйел өзінің жұбайынан төмен болатын болса, ер кісінің назары әрдайым сыртта болады екен. 

"Әйелдер ешқашан өзін төмендетпеуі керек. Отбасыда әйел мен еркектің құқығы тең. Олар бір-бірімен еркін пікір, еркін сезім алмасады алады. Әйелдер ешқашан еркектерге табынбауы керек", - деп қосты Ержан Мырзабаев.

Ең қызығы, Құралай Ошақбаеваның сөзін естіген бағдарлама жүргізушісі де, тағы бір әйел психолог та күліп қарсы алып, оған қарсылық білдірмепті. 

 

Талқылау