"Әйелдер абьюзерге айналды": Айнұр Жүгінісованың пікірі елге жақпай қалды
Белгілі продюсер, ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова еркектерді мойындамайтын әйелдердің көбейгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қоғам белсендісінің сөзінше, әйелдер еркектердің алдына шығып кеткен көрінеді.
“Алдыма жылап келетін қыз-келіншек көп. Күйеуінің ұратынын айтады. Сағаттап сөйлескеннен кейін ол әйел жылайды. Неге жылап отырсың десем, “күйеуімді аяп отырмын” дейді. Демек, әйел қысым көрсеткен. Ер азаматтарға мінез керек. Ал біз оларға әйелдің мінезін көп береміз. Содан кейін олар өз-өздерін таба алмай қалады. Содан кейін де оған еркектік мінез салуымыз керек. Ер азаматым деп қарасаң, ол саған еркек болып келеді. Әйелдер көбіне “каблуктың” астына салып тастаймыз ғой. “Каблуктың” астындағы еркекті көрген бала қандай болады? “Каблуктың” астына салу дегеніміз – еркекті мойындамау, оны өзіңнен төмен сезіну. Сенің тапқаныңды мен де таба аламын деу. Осылайша қазір әйел мен еркек жарысып келе жатырмыз. Ал біріксек, үлкен империя құруға болатынын түсінбей жатырмыз. Қоғамды қалыптастыратын отбасы екенін ұмытпауымыз керек", — деді продюсер “Мамский әңгіме” подкастында.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, продюсердің сөзіне қарсы шығып жатыр.
“Осындай адамдар қартайтып жіберді”, “Әйелдің жауы – әйел” екенін анықтап берді”, “Басыңыздағы не кимешек емес, не хиджаб емес”, “Әйелді быт-шытын шығарып, мүгедек етіп жатса да, еркекті жақтайды екен”, “Өзінің қызы болмағасын, солай айтып отыр”, “Осындай әйелдерге ойын айтуға тыйым салу керек”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, аборт жайлы бейнебаян түсірген Мирас Жүгінісов сынның астында қалған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған