Әйел туыстарының кегін алу үшін 40 бандитті бәлішпен улап өлтірді
Фото: depositphotos
Гаитиде бір әйел туыстарының кегін алу үшін бәлішпен жергілікті банданың бірнеше ондаған мүшесін улап өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Oddity Central-ға сілтеме жасап хабарлады.
Мамыр айының басында Порт-о-Пренс қаласындағы көше тағамдарын сатушы әйел Viv Ansanm деп аталатын банданың қылмыскерлеріне ауданға "қамқорлық көрсеткені" үшін алғыс айтып, оларға тегін бәліш ұсынған. Алайда бандиттер тағамды жегеннен кейін көп ұзамай қатты іштері ауырып, құса бастаған. Улану салдарынан 40-тан астам қарақшы қаза тапқан. Дәрігерлер олардың өмірін аман сақтап қала алмады.
Осыдан кейін әйел өз еркімен полицияға барып, жасаған қылмысын мойындаған. Ол Viv Ansanm тобы отбасының бірнеше мүшесін өлтіргенін айтып, кек қайтармақ болғанын жеткізді. Сараптама нәтижесінде әйел бәлішке ауыл шаруашылығында қолданылатын күшті пестицид қосқаны анықталды.
Қазіргі уақытта гаитиялық әйелге қандай айыптар тағылғаны белгісіз
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген