Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел мектепке қызының кейпінде жасырын кіріп, түрмеден қашып құтылмақ болған (видео)

АҚШ-та әйел мектептегі қауіпсіздік қызметінің жұмысын тексеру үшін қызы оқитын білім ордасына жасырын кіріп, түрмеден қашып кетпек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан алынды

33 жастағы Техас тұрғыны Кейси Гарсия 2021 жылдың жазында болған оқиғадан кейін алқабилердің шешімімен шартты түрде сотталды.  Америкалық жасөспірімнің киімін киіп, қызының атын жамылып мектеп ғимаратына кіріп, не болып жатқанын ұялы телефон камерасымен түсіріп алған.

Кадрлардан әйелдің Marvel баспалы сары капюшоны, кроссовкалары мен медициналық маскасы барын байқауға болады. Сондай-ақ ол сенімді көріну үшін рюкзак тағып алған. 

"Мектепке 13 жасар қызымның атын жамылып барамын. Мен жетінші сынып оқушысына ұқсаймын ба? Жоқ па? Керемет. Тамаша", — делінген YouTube желісінде жарияланған видеоның жазбасында.

Гарсиа күні бойы сабақта болып, кешке қарай мұғалімдердің бірі оның үстелінде қыздың орнына ересек әйел отырғанын байқайды. Бірнеше күннен кейін мектеп әкімшілігі полицияға хабарласқан. Америкалық әйелге жеке аумаққа заңсыз кіргені үшін айып тағылды. Сонымен бірге ол өзінің әрекетімен мектептегі қарулы шабуылдардың алдын алу үшін қабылданған қауіпсіздік хаттамаларының жұмыс істемейтінін көрсетпек болғанын айтты.

Қараша айының соңында қазылар алқасы Гарсияның ісі бойынша соңғы шешімін қабылдады. Мектеп аумағына заңсыз кіргені үшін ол алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 700 доллар айыппұл төледі және 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Америкалық әйелдің адвокаты оның клиентінің нақты жаза алмағанына қанағаттанғанын, бірақ айыпты үкімнің нақты фактісіне ашуланғанын білдірді. 

Адвокаттың айтуынша, Гарсия тек жақсы ниетпен әрекет етіп, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін ойлаған көрінеді.

 
Талқылау