Әйел лас су ағындылары құйылатын құдыққа құлап, 3 күн жатты
АҚШ-тың Орегон штатының тұрғыны лас су ағатын құдыққа құлап, ол жерде үш күн жатты.
Оқиға әйел үйінің ауласында орнатылған септикті жөндеп жатқан кезде болды. Ол цистернаны жартылай шығарып алды, бірақ шатырдан құлап, шыға алмады.
Көп ұзамай туыстары әйелдің қоңырау шалмағанын не телефон қоғырауына жауап бермейтінін байқайды. Осыдан кейін ересек қызы үйіне келеді. Ол анасын септик ішінен тауып, жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалды.
Құтқарушылар жеткенде әйел жерасты бір метр тереңдікте орналасқан резервуардың түбінде лас ағынды су аққан құдықта жатқан. Оны жер бетіне көтеруге шамамен 30 минут уақыт кетті. Зардап шеккен әйел ауыр жараланбаса да, оны тікұшақпен жергілікті ауруханаға жеткізді.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады