Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел есінен танып қалған ер адам үшін пойыз астына құлап кетті (видео)

Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ер адам есінен танып қалып, аңдаусызда метро жолаушысын пойыз жолына итеріп жіберді. Бұл кезде пойыз станцияға жақындап қалған еді. Абырой болғанда, сол жердегі адамдар әйелді құтқарып үлгерді.

Әйел есінен танып қалған ер адам үшін пойыз астына құлап кетті (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 15 қазанда таңертеңгі уақытта орын алған. 

Желіде тараған видео кадрларынан бағанаға сүйеніп тұрған ер адамның есінен танып қалып, алдындағы адамдарға қарай құлағаны көрінеді. Осы кезде сол жерде тұрған әйел өзіне құлаған ер адам үшін перроннан құлап кетті. 

Шошып кеткен куәгерлер бірден платформаның шетіне жүгіріп, машиниске қол бұлғап, оны тоқтатуға тырысты. Абырой болғанда, пойыз әйелге бірнеше сантиметр жетпей тоқтап үлгерді. Әйелді құтқаруға асыққан адамдар рельске секіріп түсіп, зардап шегушіні шығарып алды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Артынша станцияға полицейлер мен дәрігерлер келіп, зардап шеккен әйелге тиісті көмек көрсетті. 

Талқылау