Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел базардан сатып алған теңіз ұлуынан сирек кездесетін інжу моншақ тауып алды

Таиландағы Чонбури қаласының 33 жастағы тұрғыны Тевали Сайтанвон кешкі асқа дайындаған теңіз ұлуынан сирек кездесетін моншақ тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Thaiger басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әйел ұлуды жергілікті базардан сатып алған екен. Кешке ұлуды тазалап, кешкі ас дайындап, тамақтануға отырған. Кенеттен күйеуі ұлуды тістеп, ішінде қатты зат бар екенін біліпті. 

Бастапқыда ер адам тағамда тас жүр деп ойлаған. Бірақ анықтап қарай келе мұның тырнақпен бірдей сарғыш інжу екенін білген.

Енді Сайтанвон маманның көмегіне жүгініп, інжудің табиғи немесе табиғи емес екенін анықтамақшы. Дегенмен інжудің қымбат екеніне қарамастан оны сатпайтынын мәлімдепті. 

Талқылау