Әйел балаларын пәтерге тоғыз күнге қалдырып кетіп оларды аштан өлтірген
Киев аудандарының бірінде пәтерде 2 жасқа толмаған сәби аштықтан қайтыс болды. Оның 3 жасар әпкесі ауруханаға түскен.
Қыздың ішкі органдары істен шыққан. Қазір оның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.
Украинада балалар құқығы мәселесімен айналысатын Николай Кулебаның айтуынша, балаларды 20 жастағы анасы пәтерге қамап кеткен.
“Влада Николаевтан Киевке бір жыл бұрын келген. Қаланың ортасынан пәтер жалдап, тіпті iPhone 6 смартфонын ұстаған. Бірінші күйеуінен Даниил және Аня атты екі баласы бар. Туғаннан бастап әйел балаларын жақсы көрмейтінін, балалар үйіне өткізгісі келетінін айтыпты”, – дейді Николай Кулеба.
Оның айтуынша, әйел пәтерді тоғыз күнге жауып, тамақ ретінде тек бірнеше конфет қалдырған. Даниил аштықтан 3 желтоқсан күні қайтыс болса, оның әпкесі пәтердегі інісінің өлі денесінің қасында бірнеше күн түнеген. Жедел жәрдемді бірнеше күннен соң үйіне оралған әйелдің өзі шақырыпты. Бірақ болған оқиға оны мүлде күйзелтпеген сыңайлы. Прокуратура сұрау алған кезде ол тіпті көңілді отырған. Ол балаларды өліп қалады деп ойламағанын айтыпты.
Әйел және онымен бірге тұрған ер адамға қатысты қазір қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз:
Ресейде жастар мектеп бассейнінде эротикалық кеш өткізді (видео)
Лондонда қуыршақтармен секс қызметін ұсынатын кафе ашылмақ
Саур Арабиясының тұрғындары көше сыпырушыға көп алтын мен қымбат смартфондар сыйлады
Күйеуі бар әйелмен төсектес болған жігіттің жыныс мүшесі “ғайып болып” кеткен