Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясының тұрғындары көше сыпырушыға көп алтын мен қымбат смартфондар сыйлады

Белгісіз қолданушы бангладештік көше сыпырушының суретін желіге жүктегеннен кейін, әлгі адам бір сағаттың ішінде танымал болып шыға келген.

dcc2e98cc091526348d36819336e3b27__1440x

Бангладеш азаматы Назар әл-Ислам Абдул Кәрім Сауд Арабиясында көше сыпырушы болып жұмыс істейді. Оны біреу сыртынан суретке түсіріп алып, Инстаграм желісіне салып жіберген. Суретте Кәрім әшекей бұйымдар сататын дүкендегі алтын бұйымдарға қарап тұрған.

“Бұл адам тек қоқысқа ғана қарауы тиіс”, – деп жазған әлгі қолданушы оны мазақ етіп.

3B127A1F00000578-4002618-The_cleaner_Nazer_al_Islam_Abdul_Karim_originally_of_Bangladesh_-a-17_1480967227466

Ал Кәрім болса өзін біреудің суретке түсіріп тұрғанын да байқамаған. Алтын бұйым алуға ақшасы жоқ адамның суреті саудиялықтардың жүрегін елжіретіп, қысқа уақыт ішінде суретті 6500 адам бөліскен.

97b8a16bb9de69df095eb7bc3b062f3b__980x

Желі пайдаланушылары оның қай жерде орналасқан дүкен екенін анықтап, Кәрімге сыйлық жасауға құлшына кірісіп кетеді. Нәтмижесінде көше тазалаушы алтын бұйымдар, iPhone 7 мен Samsung Galaxy смартфоны, бал мен қап-қап күріштің иесі болып шыға келді. Сондай-ақ, оған отанына қайтатын билет те табыс етілген.

Көше сыпырушының ай сайын алатын жалақысы 187 доллар екен.

Оқи отырыңыз:

Күйеуі бар әйелмен төсектес болған жігіттің жыныс мүшесі “ғайып болып” кеткен

Бір айдан кейін миллиондаған смартфондарда WhatsApp өз жұмысын тоқтатады

Жапонияда тілалғыш және ақылды балаларды қалай тәрбиелейді?

Жолаушы қыз мас жүргізушінің орнына автобус айдады

Талқылау