Әйел бақшасынан тірідей көмілген нәрестені тауып алды
Угандадағы Кисоро округінде ауыл тұрғыны өз бақшасынан тірідей көмілген баланы тауып алып, оны құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
9 наурызда Джовия Нираноне (Jovia Nyiranone) бақшасына жұмыс істеуге шыққан. Ол топырақтың астынан аяқты көрген.
Мұқият қарағаннан кейін әйел ол баланың аяғы екенін түсінген. Бүлдіршін топыраққа басынан жоғары қарай көмілген.
Нираноне туғанына бір апта ғана болған сәбиді қазып алып, оның әлі дем алып жатқанын байқаған. Ол көршілер мен билік өкілдеріне болған оқиға туралы айтқан.
Сәбиді полицияға апарып, содан кейін ауруханаға жеткізген.
Жергілікті билік кінәліні жазалау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз деп уәде берді.
Талқылау

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр

Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайдан тамақтана алады: Қытай асханасына шолу
Қытайда жүріп, қытай асханасынан тамақтана алмасаңыз, ливан не түрік асханасына барсаңыз болады немесе фастфудқа тапсырыс беріңіз