Әйел адам қорқынышты фильм көріп отырып көз жұмды
Ұлыбританиялық зейнеткер қорқынышты кино көріп отырып мерт болды. Оқиға Таиландағы кинотеатрлардың бірінде болды.
77 жастағы турист "Аннабелланың қарғысы 3" фильмін тамашалап отырып көз жұмды. Фильм аяқталған соң залда жарық жанғанда, креслода қатар отырған көрермен зейнеткердің өлі екенін байқайды. Ол айқайға басып, залдан қашып шығады. Кинотеатр қызметкерін шақырады.
"Барлық көрермен шошып кетті. Қорқынышты фильм көріп отырып, олар мәйітпен бірге отырған. Сауда орталығының жұмысшылары өте алаңдаулы күйде жүрді. Олар сырттағыларға жағдайды білдірмеуге, оқиғаны видео-суретке түсірмеуді қадағалады", - дейді Таиланд тұрғыны Монтиры Пхенгра.
Туристтің денесін қосымша есік арқылы шығарып, жедел жәрдем көлігіне берді. Мәйіт аудандық ауруханаға жіберілді. Дәрігерлер туристің не себепті көз жұмғанын анықтайды.
Талқылау

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр

Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайдан тамақтана алады: Қытай асханасына шолу
Қытайда жүріп, қытай асханасынан тамақтана алмасаңыз, ливан не түрік асханасына барсаңыз болады немесе фастфудқа тапсырыс беріңіз