Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел 37 келі тастап, салмағынан қалай арылғаны жайлы айтып берді

Жаңа Зеландияның Окленд қаласының тұрғыны 37 килограмнан арылып, осы нәтижеге қалай қол жеткізгенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Таня

34 жастағы Таня Уайт 1,7 метр бойымен 99,9 келі болды. Ол өміріндегі қиын жағдайдан кейін шамадан тыс тамақтанудың салдарынан артық салмақтың пайда болғанын мойындады. Алдымен ол құрбысымен көзіне шөп салған ғашығымен қоштасқан. Бәрінен бұрын, Уайтқа оның бұрынғы қарым қатынастарындағы үш бала жетіспеген, өйткені олар оған өте жақын болған. Содан кейін оның атасы қайтыс болды, кейіннен ол көшіп, жұмысын ауыстыруға мәжбүр болды.

Стресспен күресу үшін, Таня үнемі тамақ жеп, шарап ішетін болған. Ол далаға шықпай, басқалардан эмоционалды түрде оқшауланған. Ақыры әйел өзіне он есе үлкен өлшемдегі киім-кешектерге тапсырыс беруге мәжбүр болған кезде ғана оның артық салмақ жинағанын түсінді.

Туыстары оған психологқа жүгінуге кеңес берді, соның арқасында қыз ұзақ апатиядан құтыла алды. Осыдан кейін ол салмақ жоғалту бағдарламасына жазылды. Уайт бұл бағдарламаға күмәнмен қарады және алты апта ішінде нәтиже көрмесе, бұл бағдарламадан бас тартамын деп ойлады, бірақ соңында нәтиже көріп, тамақтануды бақылауды жалғастырды. Ол бұған дейін ұнатпаса да, жүгіре бастады.

Тоғыз айдан кейін әйел 62 келі салмаққа жетті. Алайда, Уайт калорияларды санауды және жаттығуды тоқтатпады. "Салмақты ұстап тұру үшін күн сайын жаттығу жасау керек. Сіз күніне қанша тамақ жесеңіз, сонша жаттығу жасайтындығыңызды білуіңіз керек", деп түсіндірді ол. Карантин кезінде жаңа коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты ол бірнеше килограмм жинады, бірақ оларды тез жоғалтып алды.

Алайда Уайт өзінің ең маңызды жетістігі деп проблемаларды шешу үшін тамақ жеуді тоқтатуы деп санайды. Енді ол көңіл- күйі болмаса, пиццаға тапсырыс бермейді және бір бөтелке шарап сатып алмай, жүгіруге барады. Ол өзіне жаңа мақсат қойды - марафонды жүгіріп өту.

Талқылау