Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдай ханымның "Қалаулым сен" жобасын жүргізгенін қаламаймын: экс-қалаулымдық Айдос жоба шындығын айтты

"Қалаулым сен", "Қалаулым Life" жобаларына соңғы кездері берекесі қашқандай. Іштен шыққан жау жаман демекші, қатысушылары күнде бір құпияны ашып, жобаның жалғандығын әшкере етуге амал етуде.

Айдай ханымның

Осы мақсатта Stan.kz тілшісі экс-қалаулымдық Айдос Игіліковпен сұхбаттасып, көп сырды ашуға тырыстық.

Айдос, сәлем. "Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" демекші соңғы кездері басыңыз даудан ажырамай жүр. Кім-кімге ор қазып, кім-кімді алдап соқты? Эфирде сіздің жасаған құйтырқы әрекеттеріңізді көрсетіп, әшкере еткендей болды. Сіздің шындығыңыз қандай?

Иә, құрбан болдым. Аңғалмын ғой. Отандық арналардың бірінде бағдарлама жасап жүр едім. Демалыс күндері сол жаққа барамын деп құрбанға айналдым. Біреуді құлату, жылату ойымда болмады. Ойым сол үш сағаттың ішінде дені түзу әңгіме айту, халыққа бір пайдалы дүние жасау болды. Асылы ханымға әзілдеп жаздым.

Жоба барысында әр қатысушыға нақты бір образ немесе міндет беріле ме?

Әр адам әртүрлі ғой. Мен жобаға барған кезде телеарна тәрбие құралы екенін білдім. Табиғатыма сай, бойымдағы қазақи мінезді көрсетіп, көрерменге пайдалы дүниелерді айтамын. Сол мақсатта барғам. Айтып та жүрдім. Кейін бірақ маған басқа жағынан тиісулер болып кетті. Рейтинг үшін өсек-аяңнан шыға алмай қалдық.

Айдай Исаева өз парақшасында сіз туралы пікірін жазған еді."Мені неше түрлі сөзбен балағаттап, еңбегімді көміп тастады. Заңгерлерім Құқық қорғау органдарымен айналысуға рұқсат сұрап тұр. Аяп тұрмын әлі де…."деп пост жазған екен. Сотқа шағым жасамады ма?

Айдай ханым керемет жан. Мен ол кісіні қатты жақсы көремін. Сыйлаймын. Өте биязы адам. Ол жерде отырғанын қаламаймын. Ол кісіні де алдап ұстап отыр. Айдай ханым не болып жатқанын, қалай болып жатқанын да білмейді.

Ал, жыр болған 5 миллион айыппұл мәселесі қалай болмақ?

Мен шынымды айтсам, келісімшартқа қол қойдым. Бірақ, ішіндегі шарттарын мүлдем оқымадым. Қандай жағдайда айыппұл салады немесе басқа қандай шарттары бар екенін білмеймін. Бұйырғаны болады.

Қатысушылармен қандай қарым-қатынастасыздар?

Әрине, байланыстамын. Жиырма бес қатысушы менің қандай екенімді біледі. Олар маған қарсы келеді немесе теріс айналып кетеді деп ойламаймын. Егер мен жаман жігіт болсам, олар менімен араласпайтын еді. Әлі де кездесеміз, жолығамыз. Иә, жоба басшыларының тыйым салғаны бар. Бірақ, бір-бірімізден бас тартқан емеспіз, әлі де кездесіп тұрамыз.

Қазір қандай жобада жұмыс жасаудасыз? Жобадан кейін өміріңізде қандай өзгерістер орын алды?

Қазір шоу-бизнес өкілдеріне арналған интелектуалды жобада жұмыс жасап жүрмін. Одан бөлек әншілердің иснтаграмға шығаратын посттарын, мақалаларын жазып, қосымша табыс табудамын. Жобадан кейін өмірім сол бірқалыпты жалғасуда. Киноның кастингке барып, жолым болды деуге де болады. Бәлкім, көктемде бір жаңалықты еститін шығарсыздар.

Достарыңыз көп пе? Қаншалықты достыққа адалсыз?

Достарым Аллаға шүкір көп. Әртүрлі жобаларда жүруім де сол достарымның көптігінен деп білемін. Ешкімге қас емеспін. Қазаққа жау емеспін.

Жобаға не үшін бардыңыз: танымалдылық па әлде ақша ма?

Ақшаны табуға болады. Ішімдегі жақсы, тәлім-тәрбиесі бар дүниелерді айтқым келді. Ол жердің ішінде жүрген қыз-жігіттермен бір қара шаңырақтың түлегіміз, жатақханада бір нанды бөліп жедік қой. Ешқандай жамандығымыз жоқ бір-бірімізге. Негізі екінші маусымға шақырған. Бірақ, ол кезде жұмыстарым көп болып бара алмадым. 

Қоғамдағы қандай мәселе сізді қатты толғандырады?

Мен қоғамдағы мәселені қанша айтсам да, ештеңе өзгермейтін шығар. Жалғыздың шаңы шықпайды ғой. Бастысы, мен қазаққа жау емеспін. Қазақилықтан біраз алыстап кеткен сияқтымыз. Әсіресе, қазақи отбасылық құндылықтарымызды жоғалтып алмасақ екен деймін. Сол үшін шыр-пыр болам.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр