AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отаудың" күйін кешіп отырмыз": Жаңа үйдің жағдайына наразы алматылық тұрғындар бас көтерді

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты "Мәдениет" тұрғын-үй кешенінің тұрғындары бас көтерді. Олардың айтуларынша, пайдалануға берілгеніне жарты жылдан асып кетсе де аталған тұрғын-үй кешені талапқа сай емес. Халық игілігі үшін дұрыс жағдай жасалмаған. Жергілікті жұртшылықтың шағымын Stan.kz тілшісі де тыңдап қайтты.

Мадениет жк

Алматы қаласынан мемлекеттік бағдарлама арқылы
әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған көпбалалы отбасыларға және де мүмкіндігі шектеулі жандарға, сонымен қатар, жалғызбасты ата-аналарға берілген бұл үйлерде халықтың қажеттілігі үшін дұрыс жағдай жасалмағандығына кейиді жұрт. 

"Мәдениет" тұрғын үй кешені барлық коммуникациялар стандартқа сәйкес келмеуіне байланысты әлі күнге дейін Алматы қаласының балансына өткізілмепті. Жаңа үй дегенімен, кейбір үйлердің қабырғалары жарылып, құлауға шақ тұрғаны да тұрғындардың көңілін құлазытып отыр. Үйдің төбесіндегі қаңылтырлар дұрыс жабылмағандықтан, жел тұрса уілдеген дауыс шығып, жаңбыр жауса, тіпті, жоғары қабаттағыларға тамшы да таматынын алға тартады тұрғындар. Жуынатын бөлмелерге гидрооқшаулау жұмыстары да талапқа сай жүргізілмегендіктен едәуір қиындықтар туындап отыр екен. 

"Біздің "Мәдениет" тұрғын үй кешенінде халықты толғандыратын мәселелер шаш етектен. Жұмысқа барып келудің өзі қиын. Себебі, көлік қатынасы дұрыс жолға қойылмаған. Халық болып улап-шулап жүріп екінші бір маршрутты қосып едік. Онымыз да 40 минут сайын ғана қатынайды. Жаңа оқу жылында жағдай тіпті қиындайын деп тұр.

Сонымен қатар, ұялы телефон арқылы тілдесу де – күрделі мәселелердің бірі. Себебі байланыс жоқ. Интернетпен қамту мәселесі де әлі күнге дейін шешімін таппай келеді", -  дейді Аңсаған Қожахметова. 



 

мадениет жк 2

Тұрғындардың сөзінше, қала орталығына қатынайтын автобус мүлдем жоқ. 57-ші нөмірлі автобусты ұзартуды сұрағанымен, бұл да жауапсыз қалыпты. Тек Төлеби-Момышұлына 122 -ші нөмірлі бір ғана шағын автобус қатынайды. Жолаушылардың көптігінен оған отыру тіпті мүмкін емес екен.

Сондай-ақ, тұрғындардың пәтер иелері кооперативтің атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толмайды.

Аңсаған Нұрмаханқызының айтуынша, "M-Сервис 2020-2021" пәтер иелері кооперативі тұрғындардың келісімінсіз үйді күту шығындарына бастапқыда әр адамға ай сайын 71 теңге деп бекітіп, кейін оны 55 теңгеге түсіріпті. Қаржыны жинап алғанмен, ешқандай тазалық жұмыстарын жүргізбейтін көрінеді. 

Сондай-ақ, аталмыш пәтер иелері кооперативі тұрғындардың өздеріне тиесілі жертөлесін де бермей отыр екен.

"Біз "M-Сервис 2020-2021" пәтер иелері кооперативіне бостан-босқа шағымданып отырғанымыз жоқ. Коммуналдық қызметтер үшін төлеген қаржымыздың қайда кеткенін түсіне алар емеспіз. Мәселен электр энергиясы үшін тиісті ақыны төлесем де, керісінше мойныма қарыз болып келіп тұр. 
Үйлеріміздің ыстық су, суық су келетін трубалары стандартқа сай салынбағандықтан, көптеген мәселелер туындап отыр. Тіпті, дәл осы себепті қаланың балансына да өте алмай отырмыз.

Айта берсек мәселе өте көп. Жертөлемізді де су басып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, "айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отаудың" күйін кешіп отырмыз", - дейді Гүлдерай Раисова.



Мердігер компания ЖШС "Промкомплекттің"  салған сапасыз үйлерінің залалын бүгінде қарапайым халық тартып отыр. Бұған дейін жанайқайын Алатау ауданы әкімдігіне жеткізген жұртқа аудан әкімі арнайы келіп мәселемен жіті танысатындығын айтыпты. Ендігі үмітті әкімнен күтіп отыр қордаланған мәселелер қажытып, жолды жабуға мәжбүр болған жұрт.

"M-Сервис 2020-2021" пәтер иелері кооперативінің өкілі Қанаш Қосаев "Мәдениет" тұрғын үй кешеніндегі 792 пәтердің қазіргі таңда 65 пайызына ғана тұрғындар қоныстанғанын және оның 20 пайызы ғана коммуналдық төлемдерді төлеп отырғанын жеткізді.

"Төлем қолма-қол емес, банк жүйесі арқылы жасалуда. Ешкім екі рет төлем жасамайды. Төленген қаржылар ешқайда кеткен жоқ. Қаржылар тұрғындардың дербес шоттарында сақтаулы. Әрбір тұрғын төленген қаржыларының жазбаша түрде есебін бізден келіп ала алады.
Қазіргі таңда жарықты, суды сөндірмес үшін біз өз қаржымыздан төлеп келе жатырмыз. Себебі, ай сайын 2,5 млн дай теңгенің жарығы қолданылғанымен тұрғындардан жиналатыны 500-600 мың теңгенің айналасында. Жарық бізге әр кв үшін 22 теңгеден берілгеніне қарамастан, тұрғындардан қалалық тариф бойынша 18 теңгеден төлем қабылдануда.  Ал жертөле мәселесіне келсек, бүгінде онда коммуникациялық желілер жүргізілуіне байланысты пайдалануға берілмей отыр. Әзірге жертөле мердігер компанияның кепілдігінде", - дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр