Жолаушы Маңғыстау-Ақтөбе бағытындағы вагоны адам төзгісіз жағдайда екенін айтып, шағымданды
Маңғыстау-Ақтөбе бағытындағы пойыз жолаушылары вагон ішіндегі ыстық пен жағымсыз иіске шағымданды. Олар пойыз қызметі мен ескі вагондардың жағдайына наразы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап.

видеодан скриншот
Жолаушылардың бірі ескірген вагонды видеоға түсіріп алған.
"Жағдайы сұмдық, кондиционер жоқ, терезелердің көбі ашылмайды, антисанитариялық жағдай, тоңазытқыштар жоқ. Пойыз иелері, сіздер мал емес, адам тасымалдап жатырсыздар.
Қазір 21 ғасыр, адамгершілікке келіңіздер, жағдай жасаңыздар. Бұл жерде ұшақпен ұшуға мүмкіндігі жоқ балалар мен ересектер көп", – деді жолаушы.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын