Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяз атаға хат жазған Жәния Джуринская желі оқырмандарын күлкіге қарық қылды

Танымал қазақстандық актриса Жәния Джуринская Аяз атаға хат жазып, Жаңа жылға не қалайтынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

жания джуринская_2

Актриса есейіп кетсе де жыл сайын Жаңа жыл мерекесінде ерекше тосынсый күтетінін жасырмады.

«Аяз ата, саған хат жазбағалы көп болды. Шамамен 20 жыл. Бірақ кем дегенде жылына бір рет сені еске алып, жыл сайын Жаңа жыл мерекесінде сенен сыйлық күтемін. Бірақ ешқандай тосынсый болған жоқ. Әлде сен маған не сыйлау керектігін білмейсің бе? Ендеше сенің орныңа өзім жаза салайын, таразы (электронды), шеңбер (жуан), конустық шаш бұйралайтын құрал, ішінде түйіршіктері бар мойынға арналған жастық (ұшақта өте қажет нәрсе), сосын басқалар сияқты пәтер мен көлік сұраймын, тағы қанша тамақ ішсем де салмақ қоспайтындай тылсым күш бер. Әмин. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын. Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Ғажап нәрселерге сеніңіздер!» – дейді Джуринская.

Джуринскаяның әзіл-қалжыңы аралас бұл жазбасын оқыған желі оқырманды күлкіге қарық болды. Көпшілік Жәнияның армандарының орындалуын тілеп жатты.

«Енді, ең бастысы, оқыса болды. Ертең жоқ дегенде әрқайсысынан 5 данадан бұйырсын. Сосын басқаларға сыйлайсың», «Әумин Жәния, арманың орындалсын. Аяз ата енді оқитын шығар осы жылы», «Жақындарыңызға жақсылап тұспалдапсыз», – деп пікір білдірді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда мәдениет министрін кінәлаған режиссер Талғат Жәнібеков ұсталды

Алтынай Жорабаева 4 қызымен бірге Таиландқа аттанды

Айсәуле Бақытбек талғамсыз киімі үшін сын астында қалды (фото)

Желі оқырмандары Тәуекел Мүслімге Кәмшат Жолдыбаеваға үйленуге кеңес берді

Талқылау