Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мәдениет министрін кінәлаған режиссер Талғат Жәнібеков ұсталды

Алматыда ірі көлемде мүлікті ысырап ету ісі бойынша айыпталған белгілі режиссер Талғат Жәнібеков ұсталды.

8ae04070-fb4c-4b41-a4e5-0692d9c4d535

Фото: Brod.kz

Бұл туралы оның адвокаты Серік Айтбаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Режиссерге 189 баптың 4 бөлімі 2 тармағы бойынша “сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену және ысырап ету” бойынша айып тағылып отыр.

7c657cb3-4257-478a-a169-d1a2bedd4010

Тергеу дерегі бойынша, Талғат Жәнібековты 28 желтоқсан күні жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы Алматы департаментінің қызметкерлері ұстаған.

Бұған дейін Жәнібеков министр Мұхамедиұлын пара сұрады деп ашық айыптаған болатын. “Феникс” фильмі авторының айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы түсірілім жұмыстарын аяқтау үшін бақандай 100 мың доллар талап етіпті. Оны тауып бере алмаған соң фантастикалық триллердің түсірілімі біржолата тоқтап, әртістері тентіреп қалды дейді режиссер.

Кейінірек осы іске қатысты қудаланған Жәнібековке айыппұл салынған. Сондай-ақ, бұл дауға “Феникс” фильмінің басы-қасында жүрген Тұңғышбай Жаманқұловтың да қатысы бар. Жағдай кең өріс алып кетіп, Жаманқұлов Еңлік есімді қызды қолдағаны үшін басы дауға  қалған. Кейінірек халық әртісі фильмге бөлінген қаражатты талан-таражға салды деген айыппен ұсталды.

Оқи отырыңыз:

Бүркіт елбасы таққан сағатқа қол жеткізгенін айтып мақтанды

Желі оқырмандары Тәуекел Мүслімге Кәмшат Жолдыбаеваға үйленуге кеңес берді

Мейрамбек Бесбаев бала күнгі досының ел білмейтін қырларын жария етті

Дастан Оразбеков Төреғали Төреәлімен болған жанжал туралы айтып берді

Талқылау