AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқ-қолын байлап, ойына келгенін істеді": Алматыда жас жігіт мешітте зорланғанын мәлімдеді

Қазақстандық белгілі адвокат Айман Умарова Facebook парақшасында жаға ұстатарлық жағдайдың бетін ашты. Ол Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан Нұр-Мүбәрак мешітінің күзетшісі 18 жастағы жігітке қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп күдікке ілінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО-да ауыл тұрғыны 13 жастағы баланы зорлады деп күдіктелді

"Мен Бостандық полиция бөлімшесінде жүрмін. Жағдайдан абдырап тұрмын. Нұр-Мүбәрак мешітінде күзетші жас жігітке жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Жас жігітіттің жеке тұлғасы анықталды, бірақ оған өте қиын. Жігіт 18 жаста, оның дамуында біршама кідіріс бар, басынан өткені туралы егжей-тегжейлі айтты", – дейді Умарова.

“Жігіттің айтуынша, "күзетші бөлмесіне шақырып, аяқ-қолын байлап, ұзақ уақыт бойы ойына келгенін істеген. Мұны бірнеше рет жасапты… Ол жас жігіттің дамуындағы кідірісті пайдаланды", – деді Умарова.



Адвокат күдіктіні тексеру кезінде еркіндікке жібереді деп қорқады.

Сонымен қатар Алматы полиция департаментінде аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасына 8 шілде, бейсенбі күні арыз келіп түскенін хабарлады.

"Бұл іс сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті – 1975 жылы туған К. есімді азамат  дереу ұсталды. Қазір ол полиция басқармасында. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде", – деді ПД.

Бұл әрекет үшін күдікті бес жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар өндіріс аясында қажетті тергеу-жедел іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланған. ДП тергеу толықтық, жан-жақтылық және объективтілік қағидаттарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі деп сендірді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр