Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аягөздегі төрт баланың қазасы: Абай облысының әкімі балаларынан айырылған отбасыға қандай көмек көрсететінін айтты

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Аягөзде өрт салдарынан төрт баласынан айырылған отбасыға қандай көмек көрсетілгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыс әкімі Ұранхаев бұл қайғылы жағдай орын алғанда қол астындағы көмекшілері бірден сонда барғанын жеткізді. 

"Осы қайғылы жағдай болғанда ең бірінші аудан әкімі, менің бірінші орынбасарым сол отбасының қасында болды. Толығымен көмек көрсеттік. Қазір оларға уақытша екі бөлмелі пәтер бердік. Бұл пәтер тұрмыстық техникамен, жиһазбен толық жабдықталған. Осы желтоқсан айында сол отбасының қалауымен Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Себебі олар Өскемен қаласында тіркеуде тұр. Сол қаладан екі бөлмелі пәтер алатын боламыз. Осындай көмек көрсетілді, әлі де қажетті көмекті көрсетіп жатырмыз", — деді Нұрлан Ұранхаев Астанада өткен есеп беру брифингінде.

Еске сала кетейік, Бұған дейін Абай облысында бір үйдің төрт баласы өрт кезінде көміртегі тотығына уланып, көз жұмғаны айтылды. Кейін балалардың аттары мен олар туралы тың деректер пайда болды. 

Кейінірек полиция төрт баланың өліміне қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды.

Талқылау