Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аягөз маңында құлаған тікұшақтың ұшқышы Алматыға жерленді

Алты күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында құлаған тікұшақ ұшқышы, марқұм Петр Устиновтің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды,-деп жазды 31 арна.

ледчик

Марқұмның мәйіті Алматыға екі күн бұрын әкелінгенімен, сараптама жасау үшін жерлеу рәсімін кейінге шегерген. Ал қаралы отбасына көңіл айтуға келгендердің ішінде алғашында тікұшақ ішінде болды делінген Қайрат Тұрлыханов та бар.

Авиация саласында абыройлы қызмет атқарған Петр Устиновпен қоштасуға келгендер марқұмның Алматыдағы үйінің алдына жиналды. Жақындардан өзге бұрынғы әріптес шекарашылар, ауған соғысының ардагерлері.

Кейбір сайттар апат кезінде тікұшақ ішінде болды деп хабар таратқан Қайрат Тұрлыханов та қаралы шаңыраққа көңіл айта келіпті. Ал апаттың нақты себебі әзір анықталған жоқ. Бірақ болжам бар.

«Cол жұмыс жағдайымен ұшқан ғой. Менің естуім бойынша, ауа-райы өте жаман болған. Сол кезде төбе, кішкентай тауға соғылды ма?..»,-дейді Ауған соғысының ардагері Талғат Ғарифуллин.

Ауған соғысына қатысқан ең жас сарбаздардың бірі болған марқұм Петр Устинов ұзақ жылдар бойы шекара қызметінде істеген. Зейнетке шыққаннан кейін де ұшқыш ретінде қызметін жеке компанияларда жалғастырған. Марқұмның жан достарының біріне соңғы рет сөйлескенінде жұмысында проблемалар болғанын айтыпты. Қызметіне адал, өмірге құштар еді деп еске алады серіктері.

«Өте ақжарқын адам еді. Адал дос. Аспанды сүйген, өмірді сүйген адам. Аңшылыққа, балықшылыққа қызығатын»,-дейді “Жауынгер бауырластық” ардагерлер қоғамының президенті Сергей Пашевич.

47 жасында көз жұмған кәсіби ұшқыш Петр Устиновтың артында жұбайы мен екі қызы қалды. Соңғы сапар алдында естелік айтқан ет жақындар ерекше шақтарды еске алды, қинала қоштасты. Соңғы сөз осы: “Ұшқыштар өлмейді, олар ұшып кеткен соң қайтып оралмайды…”

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да апатқа ұшыраған тікұшақтың суреттері жарияланды (фото)

ШҚО-да құлаған тікұшақ Тұрлыхановтар отбасына тиесілі болып шықты

Шығыс Қазақстанда тікұшақ жоғалып кетті

Қылмыскердің оғына кеудесін тосып тұрғындарды қорғап қалған тараздық полицей елге оралды (фото)

Талқылау