Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыскердің оғына кеудесін тосып тұрғындарды қорғап қалған тараздық полицей елге оралды (фото)

Қылмыскердің жолына тосқауыл болып, оққа кеудесін тосқан тараздық қаһарман Бекжан Тіленшиев елге оралды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.

IMG_3530

Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкері Тіленшиев, 2016 жылы 19 маусымда атыс дауысын естіп қылмыскердің ізіне түседі. Алайда қылмыскер жасырына жүріп оқ бағыттап, оның бірі учаскелік полицейдің кеудесіне тиіп ауыр жаралайды.

Бекжанды республикалық жетекші мамандар қарап, кейін емін Грекия жалғаған. Ол енді қазір толыққанды сауыққаннан кейін аяққа тұрып, қызметіне қайта оралғысы келеді.

Бүгін Тараз вокзалына оның туыстары, достары, жақындары және Жамбыл облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің жетекшісі Бейсеевтің жетекшілігімен барлық құрамы түгел келді. БАҚ өкілдеріне сұхбат берген әкесі, ұлының жағдайына әлі де болса алаңдайтынын, аяғына тұрғанын тілейтінін айтты.

IMG_3551

Көрсетілген көмек үшін ол облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевқа, ІІМ Қасымовқа, облыстық ІІД басшысы генерал-майор Маткеновке, облыстық ЖПҚ басшысы Бейсеевке алғыс білдірді.

тиленчиев

Жедел жәрдем көлігінде, ІІД ЖПҚ қызметкерлерінің қоршауымен Бекжан өз үйіне жеткізілді. Бұған дейін полиция инспекторы  Зауырбек Данияр мен жол-патрульдік полиция қызметкері  Бекжан Тіленшиевті ІІД басшылығы ҚР мемлекеттік наградасына ұсынған болатын. Кейін ол ауруханада жатқан жерінен “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды.

Оқи отырыңыз:

Петропавлдық оқушы өз отбасын өлімнен құтқарып қалды

Атақты айтыскер Дәулеткерей Кәпұлы мен Мұхамеджан Тазабеков әлеуметтік желіде айтысып қалды

ҰБТ тестіне Баян Есентаева жайлы сұрақтың неліктен енгізілгені түсіндірілді

Қызылорда облысында ұлы анасына бауырын беріп өміріне араша түсті

Талқылау