Шығыс Қазақстанда тікұшақ жоғалып кетті
Бортында үш адамы бар тікұшақ Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кетті. Қазір құтқарушылар іздестіріп жатыр.

Бұл туралы өңірлік ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Құтқарушылардың хабарлауынша, жеке тұлғаға тиесілі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданының Қожа ауылынан ұшып, май құю үшін Аягөз ауданының Ақшатау ауылына қонуға тиіс болатын. Жоғалып кеткен тікұшақтың борында үш адам болған: екі жолаушы мен бір ұшқыш. Көзімен көрушілер тікұшақтың Айғыз ауылының үстінен ұшып бара жатқанын көрген. Алайда ол белгіленген орынға жете алмаған. Сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпады. Болжамды жоғалған жер Айғыз және Ақшатау ауылдарының арасы шамамен 100 шақырым құрайды.
Іздестіруге жүріп өту мүмкіндігі жоғары техникада Үржар және Аягөз аудандары ТЖБ қызметкерлері шықты. Құтқарушылар жолсерікпен бірге Әбутәлі қыстағына қарай жол тартты. Өскеменнен көмекке ШӨАОҚЖ құтқарушылары келді.
Жексенбі күні таңертең Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы мен облыс орталығынан МИ-8 тікұшағы жолға шықты. Оның бортында ШҚО ТЖД басшысының орынбасары мен құтқарушылардың тағы бір тобы бар. ШҚО ТЖД-ның дағдарыс орталығында оперативті штаб құрылды. Іздеуге ШҚО ТЖД мен АІІБ жеке құрамының 24 адамы, 24 техника бірлігі жұмылдырылды. Жергілікті атқару органынан жеке құрамның 10 адамы мен 5 техника бірлігі шоғырланды.
"Жүрек тұсынан электрошокермен ұрып өлтірген": ҚазҰУ жатақханасында қаза тапқан студенттің туыстары оқиға туралы айтып берді
Туысы мәйітхана қызметкерлері Дауылдың өліміне жүрек тұсына тиген қатты соққы себеп болғанын айтқанын жеткізді
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген