Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралиялық серфингші акуланың құрбаны болды

Австралиялық серфингші үлкен ақ акуланың құрбанына айналды. Сейсенбі күні су жыртқышы 29 жастағы австралиялық Бэн Геррингтің аяғын жұлып алған.

фыфы

Сурет mirvkartinkah.ru

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Оқиға елдің батысында орналасқан Манджер қаласының маңындағы Фалкон елді мекенінде болған. Серфингші ауруханаға жеткізіліп, дереу операцияға алынды. Алайда жағдайы аса ауыр болып қала берген серфингші ауруханада жан тапсырды.

Австралияның Балық аулау департаменті басқармасындағылар серфинг тақтайында қалған ізге қарап, жыртқыштың үлкен ақ акула екенін топшылап отыр.

Талқылау