Ауыр дертке шалдыққан алматылық қыз өзінің еміне жиналған ақшасын өзгеге берді
Түрлі қуыршақтар тоқитын науқас қыз Анар Лепесова жайында Аружан Сайын айтып берді.
Анар Лепесова ауыр дерке шалдыққандықтан қуыршақ тоқып өз еміне ақша жинады. Бойжеткен өзіне қол ұшын созған барлық қайырымды жандарға алғысын айта отырып, жиналған қаржыны қайырымдылық қорына беретінін айтты.
«Достар, қоғамда жомарт жандар көп екеніне тағы да көзім жетті. Маған Үндістанда емделу үшін қомақты қаражат керек болды. Бірақ аталған қаржы сомасы толық жиналмағандықтан мен бар ақшаны Аружан Сайынның «Милосердие» ерікті қорына аударам деп шештім. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Егер кім қарсы болса, ақшасын қайтаруға дайынмын», – деп жазады Анар.
Аружан Сайын науқас қызды бұл шешімінен бас тартуға тырысқанын айтады.
«Адамдар ақшаны Анардың еміне деп берді ғой, оны түсіндіруге тырыстым. Бірақ шешімінен қайтпаса, оған ешнәрсе дей алмаймын. Егер шындығында қаржыны қорға аударатын болса, өз қоластындағылар мен біздің әріптес қорларымыз оның қуыршақтарына тапсырыс береді. Көп жағдай да осылай өзі көмекке зәру адамдар өзгеге жәрдемдесіп жатады. Мәселен, Нияз Сүндеталиев те осылай жасаған еді. Енді Анар Лепесова», – деп жазады Аружан Сайын желідегі парақшасында.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған
Иса пайғамбардың әрекетін қайталамақ болған шіркеу қызметшісін қолтырауындар жеп қойды
ОҚО тұрғыны немересіне АҚШ президенті Дональдтың есімін қойған