"Ауруханада жатыр": Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды
Талдықорғанда Алматы облыстық полициясының бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты уақытша тоқтатылды. Ол кенеттен ауырып, ауруханаға жатқызылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратты Күдебаевтың қорғаушысы Руслан Баймақов растады.
"Оның денсаулығына байланысты сот кейінге қалдырылды. Алдын ала процесс 16 наурызда қайта басталады. Қазір біздің қорғалушы ауруханада жатыр", – деді Баймақов.
Адвокат күдіктінің қандай диагнозбен және қай медициналық мекемеге жатқызылғанын нақтылаған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтардан бастап Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты өтіп жатыр, ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталуда.
28 қаңтарда облыстық сотта тараптардың жарыссөздері өтті, мемлекеттік айыптаушы оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ