Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аумағы 450 гектарға жетті: СҚО-дағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда

Тұғыржап селосынан 7 км жерде, 40 га алаңда құрғақ шөп жанып жатқаны туралы ақпарат түскен. ТЖМ мәліметінше, өрт Орлиногорск орман шаруашылығының аумағын шарпып, 2,7 гектар алаңды қамтыған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орман алқаптары мен елді мекендерге қауіп жоқ.

"Өртті сөндіру үшін Солтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаменті бөлімшелерінің күштері мен құралдары, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдары жеке құрамынан 92 адам және 13 техника дереу жұмылдырылды. Аумақтарды жырту, қарама-қарсы өрт қою тәсілін пайдалану, барлық қолда бар құралдармен сөндіру арқылы өртті тоқтату бойынша жұмыс жүргізілді", - делінген ведомство ақпаратында.

Сағат 15.50-де орман шаруашылығы аумағындағы өрт сөндірілді. Ашық аумақта құрғақ шөптің жануы жалғасуда.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, қазіргі уақытта өрттің ауданы 450 гектарды құрайды. Ауа температурасының жоғары (+35 градус), желдің (10-15 м/сек.) болуы, тау-тасты жер өртті сөндіруді қиындауда.

Синоптиктердің болжамы бойынша жауын-шашын күтілуде.

Жағдай облыс басшылығы мен Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің тұрақты бақылауында тұр.

Талқылау