Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аула сыпырушының жұмысы ұнайтын": Құдайберген Бекіш студенттік кезін есіне алды

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Құдайберген Бекіш жастық шағы туралы “Хабарlike” бағдарламасында айтып берді. 

Фото: Видеодан кадр

Өнер иесі студент кезінде-ақ еңбекке араласып, ақша тапқан. 

“Аула сыпырушысы болып жұмыс істеген кезім болды. Мен Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірдім. Біз студент кезде 5 жыл оқитынбыз. Ол кезде ауылдан келген қап-қара баламын. Ештеңем жоқ. Жалғыз шешем болды. Менің ойым жұмыс істеу, оқу еді. Мен таңғы 4-тен 8-ге дейін кафеде аула сыпырушысы болып істейтінмін. Маған ұнайтын. Ән айтып жүріп, сыпыратынмын. Кейін сабаққа барамын. Кешке театрда хорда жұмыс істедім. Қалталы студент болдым. Тіпті телевизорым болды. Ол кезде студенттер шәкіртақы ғана алатын", – деп еске алды әнші.  



 Сонымен қатар өнер иесі жасарып жүруінің себебі – әйелінің күтімі екенін жасырмады. 

“Бір әйелмен өмір сүргеннің бір жақсы жері – мәселе аз. Жеңгелеріңнің жақсы қасиеті барлық өмірін маған арнаған. Сол кісінің арқасында тек шығармашылықпен ғана айналысамын. Бірақ анам ұнатпағанын да жасырмаймын. "Мына қыз тым арық қой, қалай бала туады?" дегені бар. Ана деген бәрібір баласының көңілін қалдырмайды ғой. Солай ақ батасын алып, үйленіп үлкен той жасадық", – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Еске салайық, Дәулет Мұқаев әнші Құдайберген Бекішті халыққа күштеп билет сатқызды деп сынағанын жазған едік. Одан кейін әнші ешқандай күштеп билет сатылып жатпағанын айтып, ақталған еді. 

Талқылау