Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауыз су жоқ": Наразы тұрғындар Талғар тас жолын жауып тастады

Алматы маңында тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары судың болмауына наразылық білдіріп, тас жолды жауып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 11 шілде күні сағат 23.00 шамасында Талғар тас жолында болған. "Нұрия" тұрғын үй кешенінің жүзге жуық тұрғыны сусыз қалдық деп, наразылыққа шықты.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды. 

Бейнежабада тұрғындар сусыз қалғанына наразы екенін жеткізген. Ауыз судың жетіспеуі құбырдың бір күн бұрын төрт рет жарылып кетуімен түсіндіріледі. Жауаптылар олқылықтар жойылғанын, көп ұзамай пәтерлерге су берілетінін айтты. 



Полиция бұл оқиғаның Алматы облысы, Бесағаш ауылының аумағында болғанын айтады. 80-ге жуық адам Алматы-Талғар тас жолын жауып тастағаны атап өтілді.

"Тұрғындар тарапынан жасалған бұл әрекеттің себебі – ауыз судың жетіспеуі. Жергілікті атқарушы органдар наразылыққа шыққандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына келген полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жиналғандарды таратып жіберді. Көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді”, – деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі. 

Талқылау