Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбек әкім болып тұрғанда жасалған жобалардың кем-кетігі көріне бастады

Бауыржан Байбек әкім боп тұрған кездегі шалағай жасалған жобалар енді анық көріне бастады. Тендер ойнатуда алдына жан салмайтын әкімдік қызметкерлері Алматының Бәйішев көшесінің жартысына ғана су тартатын лот жасаса, Қайрат ықшамауданының алты бірдей көшесінің әрқайсысында кәріз құбыры тек жартысына дейін ғана тартылмақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

ауыз су

Алматы билігі Бәйішев көшесіндегі 14 үйді алалап, басқалардың құбырын жаңалап жатқан көрінеді. 

«Қасымыздағы көшеден жаңадан су жүргізіп жатыр. Құбыр салып жатыр. Бірақ құбыр салып жатқан жерде біздің көше қосылмаған. Өйткені біз жобада жоқ екенбіз. Енді ертеңгі күні бізде ауыз су проблема болғалы тұр», – дейді Алматы тұрғыны Нұржан Сәдуақасов.

2019 жылға арналған су құбырын жөндеу бағдарламасынан тағы да қағылғалы тұрмыз деген тұрғындардың бұған дейін де жолы жасалмай, жарығы жүргізілмей де қалған. Кеңес үкіметі тұсында ұжымдық келісімшартпен жасалған көне құбырларын жиі жөндейтін жұрт қайда барып кімнің есігін қағарын білмей дал. 

«Суға өз күштерімен қосылған. Бірақ қазіргі таңда қосылмай отыр. Бұл мәселені жақын арада біз Жетісу ауданы әкімшілігі және Алматы су холдингпен бірлесіп отырып шешіп беруге тырысамыз», – дейді Жетісу аудандық тұрғынүй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Қуаныш Сейтмамбетов. 
«Қайрат» ықшамауданында да жаңа Қайраттың тең жарты үйі кәрз құбырысыз қалғалы отыр. Өйткені алты көшеде де кәріз жоба бойынша тек жартысына тартылуы керек. 

Талқылау