AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыратынын білгенде күйеуі тастап кеткен: Шымкентте ауыр дертке шалдыққан көпбалалы әйел көмекке мұқтаж

Шымкент қаласында тұратын Ақмарал Жаргубеноваға осыдан үш жыл бұрын бауыр циррозы диагнозы қойылған. Содан бері өмірі күрт өзгерді. Дерті туралы білісімен, күйеуі тастап кеткен. Алғашқыда өзі жұмыс істегенімен, бүгінде денсаулығы жарамсыз. Мүгедектігі үшін алатын жәрдемақысын пәтерақыға береді. Ал балаларына тағайындалған төлем азық-түлік пен дәрі-дәрмекке кетеді. Өмірін сақтап қалу үшін әйелге бауырын алмастыру қажет. Алайда күнін әрең көріп отырған келіншектің Алматыға барар жағдайы жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Көмектесейік" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдің денсаулығы соңғы кездері сыр бере бастаған. Артық қимыл жасаса не сөмке көтерсе, қан құсады. Осы себепті балалары далаға шығудан қалған. Аналары құлап қала ма деп қорқады. Оның 12 жастағы ұлы Жансерік анасының жағдайын айтып, қайырымды жандардан көмек сұрады. Сұхбат берген ол анасы үшін алаңдайтынын айтып, жылап қалды. Оны көрген бауырлары да көз жастарына ерік берді. 

"Арманым үйлі болып, анам жазылып кетсе екен. Пәтерде емес, адамша өмір сүргенімізді қалаймын", – деп жылады Жансерік.



Анасы ауырғалы Жансерік тамақты өзі даярлап, ыдысты өзі жуады. Өзінен кейінгі інілері мен қарындасы үй шаруасына қолғабыс етеді, аналарының дәрісін береді. Тағдыр тауқыметін жастай көрген балалар ерте есейген. Олардың бар арманы – аналарының саулығы.

Ақмаралға енді бауыр трансплантациясы отасын жасау қажет. Өзінен кейінгі інісі немесе сіңлісі бауырын беруге келісіп отыр. Тек әйелдің Алматыға барар жағдайы жоқ. Қайырымды жандар Ақмаралдың еміне қаражатты жинауды бастап кетті. 

Бұл туралы бағдарлама жүргізушісі, журналист Ирина Советжанқызы желі парақшасында жазды. 

"Редакциямызға 12 жасар Жансеріктен "Мамамды емдетіп беріңіздерші" деп хат келді. Шымкентке барып, Жансеріктің анасын, бауырларын көріп, балалармен бірге жылап, хабар түсірдік. Адамды аурумен сынамасын. Балалар ерте есейіп кеткен.  "Көмектесейік" бағдарламасына шығаратын кейіпкеріміздің өз картасының реквизит нөмірлерін эфирден береміз. Жансеріктің анасы Ақмаралдың нөмірін берейік десем, картасы 2019 жылдан бері төленбеген несиесі үшін аресте екен. Туыстарының бірінің нөмірін сұратып едім, ешкім бермей қойыпты. Шымкенттік заңгерлер арқылы сот орындаушыны таптым. Ол кісіге қайырымдылық бағдарламасынан хабарласып тұрмын деп жағдайды түсіндіріп едім, қарызы бітуге шақ қалыпты, деп жылдам көмектесіп, үш жыл аресте тұрған  картасын жарты сағатта шығарып берді.

Ақмаралға бауыр циррозы диагнозы қойылған, бауыр трансплантациясы отасы Алматыдағы Сызғанов институтында жасалады екен. Денсаулық сақтау министрлігіне шығып, Сызғанов институтына да хат жолдап қойдық. Квота алуға уақытымыз аз болса, тегін жасап берсеңіздер, біз ақпараттық қолдау жасайық деп қолымыздан келетін қызметімізді ұсындық. Бүгін-ертең жауабын береді. Осы аралықта алматылық кәсіпкер апайымыз хабарласты, "Ақмарал Алматының маңайына көшуге қарсы болмаса, осы жақтан үй алып берсек" деп. Бүгін сөйлесіп отырмыз, "алдымен операциясын реттестіріп алайық, ары қарай жағдайы бар үйді ақырындап іздестіре берейік" дейді. Қараңыздаршы, бір-бірін танымайтын қаншама адам Ақмаралға жәрдем жасауға жұмылып жатыр. Картасына алғашқы күні-ақ қомақты қаражат түсті. Ақмаралдың жағдайын сұрап, қаншама көрерменіміз бен оқырмандарымыз жазып жатыр. Сол себепті  не істеп, не қойғанымызды өздеріңізге жазып отырмын. Әрқайсыңызға рахмеет! "Көмектесейік" бағдарламамызды екі жыл эфирге шығара алмай, әрең шығарған едік. Ұзақ күткеніміздей нәтиже беріп жатыр", –  деп бөлісті ол.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр