Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалды
Дәурен Бекмұхамедов ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, ол жаңа тренерлер штабын қайта жасақтайды.
"Қазіргі жағдайға Альберт Линдердің өлімі және одан кейін орын алған бірнеше оқиға себепші болды. Спортшылар мен жаттықтырушылардың, Альберт Линдердің туыстарының мәлімдемесі шешуші рөл атқарды.
Министрдің араласуынан кейін жаттықтырушылар штабы тарапынан өрескел заң бұзушылықтардың болғаны анықталды. Осыдан кейін құраманың бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов пен аға жаттықтырушы Сергей Седов қызметінен босатылды", - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Ахметовтың қызметінен шеттетілгені туралы хабарлаған болатынбыз. Ол құраманы 2020 жылдан бастап басқарған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан