Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында найзағай соғып өлтірген 10 жасар бала ауылға демалысқа келген

Ақмола облысында баланы найзағай соқты

Фото: Ru.freepik.com

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Үлгі ауылында оқыста найзағай соғып қайтыс болған бала туыстарының үйінде қонақта болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай 10 жасар бала 14 жастағы досымен көшеде ойнап отырған кезде болған. Түстен кейін балалар көшеге шыққанда жауын жауып, күн күркіреген. 10 жастағы баланы найзағай соғып, ол оқиға орнында көз жұмған. Ал екінші бала жарақат алып, дереу аурухағана жеткізілді.

“Зардап шеккен баланың жарақаттары аса ауыр емес, тек кеуде тұсы сырылған. Науқас қазір өзіне келді, дәрігерлердің бақылауында жатыр”, – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, зардап шеккен бала – жергілікті тұрғындардың бірі, ал мерт болған оқушының Астанада ауылдағы туыстарына демалыста қонаққа келгені анықталды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

“Біржан сал ауданының полиция бөлімшесі қызметкерлері 2015 жылы туған баланың өлімі және 2010 жылы туған тағы бір баланың жарақат алуына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар Үлгі ауылында найзағай салдарынан зардап шеккен. Оқиға орнына жедел түрде төтенше қызмет мамандары жетті”, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Алмагүл Тұрсымбаева.

Полиция толық ақпарат жинап, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Ақмола облысында 10 жастағы бала найзағай түсіп, қаза тапқаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Жұма, 22 Тамыз, 2025 08:29
Талқылау