Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл тұрғындары эвакуацияланған: БҚО-да аптап ыстықтан өрт шықты

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданында бірден төрт ауылдың маңында құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өрттің шығуына аймақтағы аптап ыстық пен екпінді жел себеп болғаны хабарланды. Теректі ауданы, Айтиево ауылының маңында дала шөбі өртенді. Өрт екі шаруашылық ғимаратты шарпыды, бірнеше адамды эвакуациялауға тура келді. Өрт қаупі әлі де сақталады. Облыста жел мен аптап ыстық жалғасуда.

"Өрт қайдан шыққанын белгісіз. Бақытымызға орай, күшімізді өрт шыққан аймаққа жұмылдырып үлгердік. Бір уақытта  Новопавловка, Социализм, Пойма және Айтиево ауылдарына қауіп төнді. Социализм, Пойма ауылдарының маңындағы өрт локализацияланды. Бірақ қатты желдің салдарынан қауіп әзірге сейілмей тұр", - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Облыс әкімінің айтуынша, қазір өртті сөндіруге коммуналдық қызметтердің барлық техникасы жұмылдырылған, тіпті жеке ұйымдар да қосылған. Өрт сөндіру күштері Новопавловка, Пойма, Социализм және Айтыево ауылдарында орналасқаны хабарланды.

Басылымның жазуынша, бұған дейін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Батыс Қазақстан облысындағы өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігінен МИ-8 тікұшақтарын сұраған. Батыс Қазақстан облысында екпінді жел байқалып, 40 градус ыстық сақталады.

Талқылау