Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл әкімін өлтірген: Ақтөбе облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбе облысы Алға аудандық сотында Қарабұлақ ауылының әкімі Ернар Махамбетовтің өліміне қатысты іс қаралып, үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сотталушы Құрман Өтегенов 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Алға аудандық сотында Қарабұлақ ауылының әкімі Ернар Махамбетовті өлтірді деген айыппен Құрман Өтегеновке қатысты іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, жәбірленуші мен сотталушы шаруа қожалығына барып, сол жерде ішімдік ішкен. Кейін арада жанжал шығып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сүйенсек, жәбірленуші Ернар Махамбетов кесіп-тесетін заттан жараланып, көп қан жоғалтқаны белгілі болды. Ауруханаға жеткізген кезде оның өлімі тіркелді.

"Сотталушы Құрман Өтегенов Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын. Жазасын өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесі болып белгіленсін", –деді Алға аудандық сотының судьясы Камшат Килбаева.

Еске салсақ, оқиға былтыр желтоқсан айында болды. Алғашында ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу тобы шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасында жанжал болғанын анықтаған.

Талқылау