Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында ауқымды әскери қақтығыс басталды
Видеодан скрин
Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында ауқымды әскери қақтығыс басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жергілікті дереккөздер Дюранд сызығы бойында (Кабул мойындамайтын екі ел арасындағы шекара) тәліптер мен Пәкістан әскері арасында ауқымды қарулы қақтығыс болып жатқанын хабарлады.
Басылымның мәліметінше, қақтығыстар Кунар, Нангархар, Гильменд, Пактия және Пактика провинцияларында жүріп жатқан көрінеді. Талибан күштері Пәкістанның шекара бекеттеріне бірнеше бағыттан шабуыл жасаған. Пәкістан әскері кейбір аймақтарда өз позицияларын тастап, шегінгені, қақтығыс кезінде бес пәкістандық әскери қаза тауып, әскери нысандар мен техникалар жойылғаны хабарланды.
"Жергілікті дереккөздер Гильменд провинциясының Бахрамча ауданында Пәкістан армиясының шекара бекеттерінің бірінің құлағанын растады", – делінген басылымның ақпаратында. Қақтығыстар Кандагар провинциясының Шорабак ауданында да басталған.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Пәкістанның ұшқышсыз ұшағы Кабулда Пәкістан тәліптерінің басшысы Нұр Уәли Мехсуд және оның мұрагерлері мінген көлікке соққы жасағаны туралы ақпарат тараған еді. Сонымен қатар, жұмаға қараған түні Пәкістан әуе қорғаныс күштері Ауғанстанның шығысындағы Пактика провинциясына әуе соққысын жасаған.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
