Әуелбекова концертке той көйлегін киіп келгені үшін сыналды (видео)
“Gakku әуендері” кешіне Мөлдір Әуелбекова өзінің той көйлегін киіп келді. Желі қолданушылары оны осы әрекеті үшін сынап тастады. Арасында әншіні жақтап сөйлегендер де бар.
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды
Gakku телеарнасы мен Астана қаласының әкімдігі бірігіп меломандарға тосын сый әзірледі. Олар 18 мамыр күні “Қазақстан” Орталық залында мерекелік кеш ұйымдастырды. Жылдың ең үздік әнінің орындаушылары арнайы мүсіншелермен марапатталды. Жүлденің кімге берілетінін тыңдармандар дауыс беру арқылы таңдады.
Аталған кешке Мөлдір Әуелбекова да қатысып, “Біргеміз” атты әнін орындады. Тыңдармандары Әуелбекованың үстіне киген көйлегін бірден таныды. Себебі, сылқым ол көйлекті өз тойында киген болатын.
Бірі әншіні “Бұл көйлекті 145 рет киесің бе?”, “Мынау той көйлегі ғой”, “Неге осы әнді ғана айта бересің?” деп сынай түссе, енді бірі “Өзі де, әні де керемет. Әсерлі болсын деп кигені ғой”, “Не кисе де өзі біледі” деп жақтай түсті.
Мөлдір Әуелбекова өзі орындап тұрған “Біргеміз” әнін сүйіктісіне арнап жазған болатын. Кешке той көйлегін киюіне осы себеп болса керек.
Оқи отырыңыз:
Мөлдір Әуелбекова кезекті бейнебаянын сүйіктісіне арнады
Әуелбекова халықтан жүктілігін жасырып жүр ме
Мөлдір Әуелбекова: “Мен үшін Баян ханымнан артық продюсер жоқ”
Мөлдір Әуелбекованың тойы қалай өтті