Мөлдір Әуелбекова: “Мен үшін Баян ханымнан артық продюсер жоқ”

Дүйсенбі, 14 Наурыз , 2016 16:35

Жезтаңдай әнші, айтулы актриса, танымал тележүргізуші, жақында ғана жас отаудың табалдырығын аттап  келін атанған қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова өзі үшін Баян ханымнан артық продюсер жоқ екенін айтты.

цы

Көкейінде жүрген көп сырымен журналист Майя Бекбаеваның “Жансырым” бағдарламасында бөлісті.

Мөлдір Әуелбекованы қазақ эстрадасының жарық жұлдызы деуге толық негіз бар. Ол мыңдаған көрерменнің жүрегін жаулап алды. Бірақ Мөлдірдің кешегісі мен бүгінін салыстыруға болмайды. Бүгін кең етек көйлек киіп, барынша сабырлы болса, күні кеше ашық-шашық киімдер киіп жүретін-ді. Оның бұл әрекеті әкесінің көңіліне жақпаған екен.

“Шыны керек, жастық кезде әр адам қателік жасайды. Мен Алматыға жаңадан қоныс аударған кез. 17-18 жасымда “Superstar” кезі және “KeshYou” тобының жаңадан құрылып жатқан уақыты. 2004-2005 жылдарда ашық шашық киіну мүмкін сәнді болды ма? Мүмкін мен өзім жастықпен мән бермедім бе, әйтеуір солай киіндік. Қазақ қызына ол ерсі болды. Ата-анам қарсы болды”, – деп әнші бір кездері ашық-шашық киініп жүргеніне өкінді.

fO1FDF6o2I0hSM843HCjqV5tZ7qfpi

_mg_9891

Мөлдір Әуелбекованың  “Superstar” жобасынан кейін өмірі күрт өзгеріп, жұлдыз ауруына шалдыққан. Бұдан кейін “KeshYou”  тобында ән айтып қана қоймай, халыққа “Ғашық жүрек” фильмі арқылы танылған. Аталған фильмнен кейін әншінің танымалдылығы артса да, көп қиындыққа кезігеді. Өнер әлемінде бағын ашқан “KeshYou”  тобынан кетеді. Бір қызығы әнші бұл топқа бірнеше рет қайтып келген.

“Менің келіп-кетуім барлық қыздың келіп-кетуіне қарағанда байқағаным халықтың аузында көп жүреді екен. Бұл енді “Ғашық жүректің” септігі деп ойлаймын. Маған осындай халықтың сүйіспеншілігін, танымалдылықты осындай фильм берді деп ойлаймын. Әрине, ең бірінші Алла тағала берген даусым. Сізге бірінші рет айтып отырмын. Екі жыл “KeshYou”  тобында жұмыс істегеннен кейін кеттім. Бұл бір кеткенім. Ол халық шулаған кез. Ғашық жүректен кейін екінші рет кеттім. Ол кезде Әнел Әрінова екеуіміз бірге кеттік. Бірақ бұл жерде де баяғы сөздің астында қалып жатқан мен болдым”, – деп бұл мәселенің қызу талқыға түсуін танымалдылығымен байланыстырды.

pf9jEzK4xye7TraxZpA6507256pRRy

жзщ

“Біраз жыл өткеннен кейін анам айтты. “Сенен ол кісі үлкен. Бәрібір бірге үйрендіңдер, бірге жеңістерге жеттіңдер. Сен кішірейіп бар”, – деді. Мен кішірейіп бардым. Ренжімеңіз, бәрібір сізден көп нәрсе үйрендім дедім. Бірге үйрендік, бірге бастадық қой барлығын. Ол кісінің алғашқы жобасы біз болдық. Сөйтіп алдынан бір өткенмін”, – деп арадаға кикілжіңді жоюға өзі себепші болғанын жеткізді.

Жанар Дұғалова күтпеген жерден топтан кеткен соң продюсер Есентаева Мөлдірге хабарласып, топқа шақырған. Бірақ өз араларында уақытша жұмыс істейміз деп келіскен сыңайлы.

огнр

ув

“Мен ұзақ уақытқа шыдай алмадым, шыны керек. Өйткені әбден өзім жеке жұмыс істеп, әбден өзімнің ой-пікірімді айтып үйреніп қалдым. Сол уақыттың ішінде көп жұмыс істей алмадым”, – деп топтан қайта кетіп, қайта реніш басталғанын айтты.

Журналист “Мөлдір Әуелбековадан жарық жұлдыз жасаған Баян Есентаева” деген пікірмен келісесіз бе?” деп сұрады.

“Адамның бірінші жақсылығын көрмейді, жаманын іздеп тұрады деген сөз бар ғой. Мен ол кісіні ешқашан жамандаған емеспін, жамандамаймын да. Мені солай тәрбиелеген. Менің іштей ренішім бар болса, ол менің ішімдегі өзіммен арпалысып жатқан ішкі дүнием. Ешкімге қатысы жоқ оның. Менің осы күнге дейін айтып жүргенім тек қана алғыс. Мен мойындаймын көп нәрсе үйретті маған, өзі де үйренді. Жоғары деңгейде үйретті”, – деп бұл пікірді қоштады.

рн

лшо

Ары қарай “Мені топтан жаңадан кеткен кезде, қазір оның өзімен дос болып жүрген продюсерлер шақырды. “Жүр, кеттік, жұмыс істейміз. Мен сені жеке шығарамын” деп айтты. Мен бармаймын дедім. Мен оның кім екенін айтқым келмейді. Оны әңгіме қылудың қажеті жоқ. Ол ертең өсекке айналады… “Баяннан мықты продюсер мен үшін жоқ, болмайды да. Мен ешкімге бармаймын. Мен керісінше Баянды жерге қаратпайтындай жұмыс істеуге тырысамын” дедім. Талай жерде жазылды да, айтылды да. Бірақ жақсыны көрмейді, жаманшылық іздеп тұрады. Ешкім оны әңгіме қылмайды. Мөлдір рахметін айтып жатыр деп. Одан асқан мықты продюсер жоқ деп айтылды деп… Мен талай айттым солай.  Мен ешқашан жамандамаймын. Үнемі алғысымды айтып жүремін”, – деп продюсерге әзірдің өзінде реніші жоқ екенін жеткізді.

Әнші бұдан өзге қазақ эстрадасының “қазақы әншілер”, “қазақы емес әншілер” деп бөлінетінін тілге тиек етіп, күні кеше орыс тілінде сайрап жүрген әріптестерінің қазір қазақша әндер айтып жүргеніне қуанатынын айтты.

нре

гош

Бір кездері бүгінгі жолдасына бірігіп қалыңдық іздеген әнші отбасын бірінші орынға қояды екен. Тіпті “Жұлдыздардың алды болуға тырыспаймын. Маған ортасы жетеді” дейді.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Мөлдір Әуелбекованың жүктілігін жасырып жүруі мүмкін екендігі туралы айтқан болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар