Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуелбекова: Біраз адамым достар тізімінен шығып кетті, мен сол баяғы Мөлдірмін ғой

Мөлдір Әуелбекова образы өзгергелі бері желідегі достар саны азайып қалғанын айтады. Есімі мен сырт болмысым өзгерсе де, өзім өзгерген жоқпын деп ақталды әнші. 

Әуелбекова екінші рет тұрмыс құрып, есімін ауыстырды. Ол мұсылманша Айша атын иемденді. Орамал таққан өнер иесі сахнаға да оранып шығып жүр. Әншінің бұл әрекетін әріптестерінің бірі қолдаса, бірі қарсы шықты. Әуелбекованың өзі орамал тағу әдепсіздік емес дегенді айтады. 

"Мен жайлы. Негізі, әуретімді жауып образымның сәл-пәл өзгергені болмаса, дауысым сол баяғы жоғарғы екінші сопрано ғой.

Қасымның өскені болмаса, түрім сол баяғы "әдемі қыз" ғой.

Әріптестерімнің көбісі отписка жасағаны болмаса, адал оқырмандарым сол баяғы 2.800.000 ғой.

Ең маңыздысы, күйеуім Айша деп еркелеткені болмаса, сол баяғы Мөлдірмін ғой", - деп жазды әнші парақшасында.



"Жаным сол баяғы ақкөңілім", "Ма ша аллаһ осы қалпыңыздан тайманыз", "Тамаша Мөлдір, дауысың да өзің де.  Образдарың да керемет. Таққан орамалың да өзіңе жарасып тұр. Айша деген жұбайыңның берген есімі де күшті. Бақытты болыңдар. Мүміндердің анасы Айша анамыздай болуға тырыссаң, сеннен бақытты әйел жоқ. Нағыз достар өзіңмен бірге барлық уақытта қандай жағдайда өзгерсең де, өзгермесең де. Ал жалған достар олар біртіндеп жолда қалады".

"Бақытты бол, сіз өте мықты қыз екенсіз, жарайсыз, нəпсіңді жеңіп, елге үлгі боларлық жолға түскеніңе тəнтімін əрі ризамын. Ниетіңе Алла разы болсын. Иманың бұдан да зор күшейіп ұлағатты ұстаз болыңыз", - деп жазды желідегілер.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Желтоқсан, 2020 13:54
Талқылау