Әуе көлігімен жолаушы тасымалы пандемияға дейінгі көрсеткіштен асты
Қазақстандағы әуе көлігімен жолаушы тасымалы пандемияға дейінгі көрсеткіштен асқан. Соңғы 8 айда әуе тасымалы қызметін 6 миллион жолаушы пайдаланған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 90%, 2019 жылмен салыстырғанда 8%-ға көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz cайтына сілтеме жасап.
2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында әуе компаниялары 6,1 миллион адамға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырған 90,3%-ға көп. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 5,6 миллион адамға тең болған.
Жолаушылар айналымы бір жылда 9,5 миллиард шақырымға көбейіп, 92,4%-ға өсті. Алайда 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16%-ға қысқарған.
Сонымен қатар қаңтар-тамыз айларында әуе көлігімен 22,5 мың тонна жүк тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 73,1%-ға көп. 2020 жылы бұл көрсеткіш 35,9%-ға азайып, 34,3 миллионға тең болған.
Жүк айналымы жыл басынан бері 50,2 миллион тонна-шақырымға теңескен. Бұл 2020 жылға қарағанда 46,4%-ға көп.
Әуе компанияларының табысы 229,9 миллиардты құраған. 2020 жылы компаниялар табысы 119,4 миллирдқа тең болған. Ал 2019 жылы көрсеткіш 258,2 миллиардты көрсеткен.
Негізгі табыс жолаушы тасымалынан түскен. Қалған бөлігі жүк тасымалына тиесілі.
Бір жылдағы баға өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші Маңғыстау (30%) және Павлодар (29%) облыстарында тіркелген. Солтүстік Қазақстанда баға өзгеріссіз қалған. Ал төрт аймақта баға төмендегені байқалған: Шымкентте 1,7%, Ақтөбеде 4,2%, Ақмолада 22,5% және Батыс Қазақстан облысында 31,7%.
Жүк тасымалының бағасы 1 жылда 28,2%-ға өскен. Соның ішінде халықаралық хабарлама 39% өссе, республикаішілік хабарламалар 3,8%-ға қымбаттады. Соңғы айда баға өзгерісі байқалмаған.
ІАТА деректеріне сәйкес, 2022 жылы әлемде әуе компанияларының шығыны 11,6 миллиард долларға қысқарады деп күтіледі. Ал жалпы сұраныс 2021 жылы 2019 жылғы көрсеткіштің 40%-ын құрауы мүмкін. 2022 жылы 61%-ға өседі деп күтілуде. Жалпы жолаушылар саны 2021 жылы 2,3 миллирдқа жетсе, 2022 жылы 3,4 миллиардқа жетуі мүмкін.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
