Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда егіз босанған әйел көз жұмды

Атырау перзентханасында 27 жастағы келіншек босану кезінде көз жұмды.

2754828

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Әйел бұған дейін үш рет босанған: 3, 6 және 7 жастағы балалары бар екен. Дәрігерлер оның ішін жарып, егіз сәбиді алған соң әйел қайтыс болған.

Әйел толғағы келіп өзі қоңырау шалғаннан кейін 4 шілде күні ауруханаға жеткізілген екен. Әзірге әйел өлімінің нақты себебі аталған жоқ.

Бірақ, қазіргі кезде құзырлы органдар істі өз бақылауларына алып, дәрігерлердің әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Операция жасаған мамандар “Медицина немесе фармацевтика маманының кәсіби міндетін тиісті деңгейде орындамауы” бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Теміртау тұрғыны жертөлесінде сақталған картопқа бола көз жұмды

Жамбыл облысында мал жұмбақ жағдайда қырылып жатыр

Астанада танымал профессордың отбасы өрттен көз жұмды

Шымкентте Иегова куәгерлері облыстық мешіттің имамын өз қатарларына шақырған

Талқылау