Теміртау тұрғыны жертөлесінде сақталған картопқа бола көз жұмды

Сенбі, 15 Шілде , 2017 9:50

Теміртауда үйінің жертөлеесіне түскен ер адам ажал құшты. Ал әйелін дәрігерлер құтқарып қалған екен.

Как-хранить-овощи-в-погребе

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мұндай оқыс оқиға бірінші рет болып отырған жоқ. Осы уақытқа дейін де үй иесі мен келіншегі жертөлеге түсіп қайтыс болған-ды. Олардың өліміне шіріген картоп бөліп шығаратын улы газ себепші болған екен.

Бұл жолы да аталған улы газ отағасының қайтыс болуына себепші болып отыр. Оны бірінші болып әйелі көріп, бірден көмекке жүгірген. Артынша көмекке достары келіп әйелді аман алып қалған. Ал отағасы жедел жәрдем келмей жатып көз жұмған. Картоптан бөлінген у ауадан ауыр болғандықтан, жертөленің төменгі қабатында көбірек сақталған. Аталған удың иісі де, түсі де жоқ.

Ольга Саржан отбасын мұндай оқыс жағдайлардан қалай сақтандыру керектігін жақсы біледі. “Көкөністерді жертөлеге салмас бұрын ол жерді әбден тазалап алу қажет. Мұнымен қатар, жертөледе сырттан ауа кіріп тұратындай тесік болуы тиіс”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Жамбыл облысында мал жұмбақ жағдайда қырылып жатыр

Астанада танымал профессордың отбасы өрттен көз жұмды

Шымкентте Иегова куәгерлері облыстық мешіттің имамын өз қатарларына шақырған

Қазақстандық ене екі келінін татуластыра алмай әлек болып жүргенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Жертөледе міндетті түрде ауа кіріп тұратын тұрба болуы тиіс әйтпесе түншығып қалатныңыз рас.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар