Қазақстандық ене екі келінін татуластыра алмай әлек болып жүргенін айтты

Жұма, 14 Шілде , 2017 13:44

Абысын тату болса, ас көп. Бір әулеттің бірлігін сақтап, берекесін арттырып отыратын абысындар арасындағы татулықтың кілті неде? Студияға келген Хадиша апай өз оқиғасымен бөлісті.

zhzkh-1

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

«Менің екі келінім бар. Екеуі қатарлас. Екі келінімді де 2 жылдай үйде ұстадым. Бала туған соң келіндердің бірге тұруы қиын болып кетті. Бір-біріне ренжиді, сөйлейді, істегендерін жақтырмайды. Бастары қосылмай, көреалмаушылық басым болды. Кіші келіннің мінезі қырсық. «Ол да біреудің қызы» деп қатты сөйлемедім. Жай сөйлегенді түсінбейді екен. Екеуін бөлмеймін. Балалары да мен үшін бірдей. Ақыл айтсам, тыңдамайды. Үлкен келінді бөлек шығардық, кіші келінді әлі тәрбиелеймін деп алып қалдым. Екеуі әлі де араласпайды. Ал ұлдарым тату. Бірақ, келіннің ықпалы көп. Балаларыммен ашық сөйлесемін. Сонда да үйіне барған соң есінен шығып кетеді. Қолымда тағы бір ұлым бар. Оның келіншегімен мұндай қиындық болмаса деп тілеймін. Келіндерім мейірімді болса екен», – дейді Хадиша апа.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса,[email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ жігіт өзін іздемейтін келіншегіне ренжіп жүр

28 жастағы қазақстандық келіншек күйеуінің көңілдестерінен әбден мезі болғанын айтты

Марат Омаров ата-анасы өзімен байланыстырмай қойған қойшы баласы үшін жылағанын айтты

Өмірден шаршаған бойжеткен тезірек тұрмысқа шығуды армандап жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар